22.04.2008, 10:03 1462

"Яндекстің" бас директоры Қазақстанда өзіндік іздеу жүйесін жасау үшін барлық жағдай жасалған деп есептейді

"Яндекстің" бас директоры Қазақстанда өзіндік іздеу жүйесін жасау үшін барлық жағдай жасалған деп есептейді

Астана. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" -"Яндекс" компаниясының бас директоры Аркадий Волож Қазақстан өзінің іздеу жүйесін жасауы үшін барлық жағдайлар жасалған деп есептейді. Дүйсенбі күні өткен ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеевпен кездесу барысында ол осындай пікір білдірді, деп "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Аркадий Волождың Қазақстанға келу сапарының мақсаты Интернетті дамыту және Қазақстанда өзіндік іздеу жүйесін құру мәселесі бойынша тәжірибе алмасу саласында Қазақстанмен ынтымақтасу жөніндегі келіссөздер өткізу", - деп түсіндірді агенттік.

"Яндекстің" бас директоры республиканың жылдам дамып келе жатқан интернет нарығы мен жылдам өсіп келе жатқан интернет аудиториясын атап көрсетті. Оның пайымдауынша, бұл Қазақстанда іздеу жүйесін құруға қолайлы жағдай тудырады", - деп атап көрсетті Ақпараттандыру және байланыс агенттігі.

"Сондай-ақ, ол соңғы бірнеше жылда ақпараттық-коммуникациялық технологияның дамысында Қазақстан үлкен секіріс жасағанын және бүгінгі таңда "Яндекс" республиканың әлеуетін зерттей келе Қазақстанмен арада ұзақ мерзімдік қатынастарды дамытуға құштар", - дейді А. Воложа.

"Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастыққа кірісуге шешім қабылдады", - деп сөзін қорытты Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны