25.02.2010, 16:51 3671

Янукович жаңа президент ретінде Украинаға ант берді

Янукович жаңа президент ретінде Украинаға ант берді

Алматы. 25 ақпан. Kazakhstan Today - "Партия регионов" жетекшісі Виктор Янукович елдің жаңа президенті ретінде Украина алдында ант берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

В. Янукович ел Конституциясы мен украин тіліне аударылған бірінші евангелиелік басылым, 16 ғасырда жарық көрген 9 килограмм салмағы бар Пересопницкое Евангелиеге қол қоя отырып, ант берді.

Жаңа президентті ұлықтау рәсіміне 51 мемлекеттің өкілдері, соның ішінде 9 президент, 7 үкімет басшысы, 7 парламент спикері, 13 сыртқы істер министрі, 41 елдің делегациялары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны