13.04.2015, 10:28 3672

Йеменнен қауіпсіз жерге шығарылған Қазақстан азаматтары мінген тағы бір ұшақ Мәскеу маӊына қонды

Ил-62 ұшағымен Мәскеуге келген 150 адамныӊ ішінде Қазақстаннан өзге, Ресей, Қырғызстан, Молдавия, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина және Йемен елдерініӊ азаматтары бар

Астана. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Йеменнен қазақстандық және және өзге де елдердіӊ азаматтарын қауіпсіз жерге алып шыққан ұшақ Мәскеу маӊындағы Чкаловский әуежайына келіп қонды. Бұл осымен соӊғы екі апта ішіндегі алтыншы ұшақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ил-62 ұшағымен Мәскеуге келген 150 адамныӊ ішінде Қазақстаннан өзге, Ресей, Қырғызстан, Молдавия, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина және Йемен елдерініӊ азаматтары бар, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

РФ СІМ-інде оларды шетелдік мемлекеттер өкілдері күтіп отыр, ал өз сапарын әрі қарай жалғастыратындар Мәскеу әуежайына жеткізілмек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны