16.06.2008, 12:30 1358

ЮНЕСКО Шыңғыс Айтматовтың қазасына байланысты аза тұтады

ЮНЕСКО Шыңғыс Айтматовтың қазасына байланысты аза тұтады

Алматы. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ЮНЕСКО-ның бас директоры Коичиро Мацуура ұлы қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың 10 маусымда Германияның Нюрнберг қаласында қаза болғаны туралы ақпаратты терең күйзеліспен қабыл алды, деп хабарлайды агенттік тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

"XX ғасыр әдебиетінің әлемді мойындатқан классигі өмірден озды. Шыңғыс Айтматов көп жылдар бойы ЮНЕСКО-мен жақын ынтымақтастықта жұмыс істеп, ұдайы зорлық-зомбылыққа қарсы күресті, адамзаттың бірегей мәдени әртүрлілігін қорғауға аса қажетті өркениеттер диалогына шақырды", - деп мәлімдеді Коичиро Мацуура. Ол жазушының отбасына, Қырғызстан басшылығына және барша қырғыз халқына көңіл айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны