17.04.2017, 18:08 4651

ЮНЕСКО-ныӊ Дүниежүзілік мұраларыныӊ алдын ала тізіміне Қызылорда облысы аумағындағы 9 ескерткіш енгізілген

ЮНЕСКО-ныӊ Дүниежүзілік мұраларыныӊ алдын ала тізіміне облыс аумағындағы 9 ескерткіш - Сығанақ, Жанкент, Кескен-күйік, Шірік-Рабат, Бәбіш-мола, Жент, Баланды қалашықтары, Жетіасар мәдениеті ескеркіштері мен Сауысқандық петроглифтері енгізілді,- деді облыс әкімініӊ міндетін атқарушы.

Қызылорда. 17 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылордада ҚР Президенті Н. Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласын түсіндіруге арналған идеологиялық актив отырысы өтті.

Актив төрағасы, облыс әкімініӊ міндетін атқарушы Қ. Ысқақов Елбасы еӊбегініӊ маӊызы жайлы айта келіп, соӊғы жылдары аймақ руханиятындағы жеткен жетістіктерге тоқталды.

Елбасы "Мақсатқа жету үшін біздіӊ санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаӊғырып отыруы тиіс" дейді. Расында, алға ұмтылған қадамымыздыӊ нық болуы үшін де рухани жаӊғыру әрдайым жүріп отырғанын айту керек. Ол Тәуелсіздік жылдары ішінде бірнеше рет іске асырылды.

2004 жылы "Мәдени мұра" бағдарламасы аясында ел аумағында қаншама тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандар жаӊғыртылған болса, соныӊ ішінде Сыр өӊірінде бұл жұмыстар жүйелі жүргізілді.

ЮНЕСКО-ныӊ Дүниежүзілік мұраларыныӊ алдын ала тізіміне облыс аумағындағы 9 ескерткіш - Сығанақ, Жанкент, Кескен-күйік, Шірік-Рабат, Бәбіш-мола, Жент, Баланды қалашықтары, Жетіасар мәдениеті ескеркіштері мен Сауысқандық петроглифтері енгізілді,- деді облыс әкімініӊ міндетін атқарушы.

Облыс әкімініӊ міндетін атқарушы Елбасы мақаласыныӊ ел дамуындағы маӊызы жайлы айтып өтті. Ұлттық руханияттыӊ бесігі саналатын Сыр өӊірінде Елбасы бастамашы болған "Мәдени мұра" бағдарламасы ауқымындағы істерді саралады. Бағдарламаға орай аймақтағы тарихи-мәдени ескерткіш саналатын нысандардыӊ бірқатарына археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, оларды зерттеу жүйелене түсті.

Орынбор мен Ташкент мұрағаттарындағы Сыр өӊіріге қатысты деректер мен мәліметтерді іздеу де жолға қойылды. Осыныӊ арқасында біраз құнды дерек өз мұрағатымыздан қайта орын тепті. Облыс басшысыныӊ қолдауымен Байқоӊыр қаласынан жергілікті архив ашылып, Ресей мұрағатындағы деректеріміз өзімізге оралды.

Аймақта рухани-мәдени бағыттағы бастамалар жайлы баяндаған облыс әкімініӊ міндетін атқарушы Елбасы мақаласынан туындайтын мақсат-міндеттер жайын да айтып өтті. Рухани жаӊғыруды жүзеге асыруды жүйелейтін жауапты орындарға тапсырмалар берді.

Осыдан кейін Қызылорда қоғамдық телерадиокомпаниясыныӊ құрылтайшысы, ақын Шаһизада Ибдікәрімов Елбасы мақаласына орай пікірін жеткізді. Азуын айға білеген мемлекеттердіӊ рухани жетілудіӊ кемшіндігінен тығырыққа тірелгендігін айтты.

Активтегі пікірлер легін Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасыныӊ меӊгерушісі Н. Мыӊжасов, Қызылорда облысы білім басқармасы басшысыныӊ орынбасары Б. Бердәулетов, "Қоғамдық келісім" орталығыныӊ басшысы У. Ибраев, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дыӊ қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасыныӊ қауымдастырылған профессоры А. Абасиловтер жалғады.

Қазір қазақ тілініӊ табиғи заӊдылығы барынша бұзылып барады. Үндестік заӊы ескерілмей, кірме сөздер қазақы айтуға лайық болмай тұр.

-Иліпбиімізді латынша таӊбалау еӊ алдымен осы мәселелерді түбегейлі шешеді, - дейді ғалым Аман Мәделіханұлы.

Бірақ әліпби ауыстыру - әлеуметтік мәселе. Сондықтан да ел арасында түсіндірме жұмыстары жүйелі жүргізілуі тиіс.

Сондай-ақ, отырыс барысында "Ұлттық сана", "Туған жер" бағдарламасы, "Қазақ тіліндегі 100 жаӊа оқулық", "Мәдени-географиялық белдеу", "100 жаӊа есім" және өзге де мәселелер кеӊ көлемде талқыланып, қатысушылар тарапынан қолдауға ие болды.

Айта кететіні, жиынға Қызылорда қаласы мен аудан активтерініӊ мүшелері, аумақтық және жергілікті департамент, басқарма басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалыныӊ қызметкерлері мен белсенді мүшелері, жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарыныӊ басшылары мен орынбасарлары, БАҚ, ҮЕҰ және саяси партия өкілдері, этномәдени бірлестік жетекшілері, "Қоғамдық келісім" орталығы қызметкерлері мен бірқатар жастар ұйымдары қатысты.

Бүгін өткен иделеогиялық активте ұлттық кодымызды сақтап, замана сынына төтеп бере алған озық дәстүрлерімізді табысты жаӊғырта отырып, өркениет көшіне ілесуіміз керектігі баса айтылды. Бұл ретте, Сыр өӊірі тарихын тереӊнен тартқан, қаймағы бұзылмаған ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрімізді бүгінге жеткізіп, жаӊғыртып, жас ұрпаққа насихаттап отырған бірден-бір өлке деуге негіз бар.

Осы ретте, Сыр өнері өзімізде ғана емес, Түркия, Лондон, АҚШ-қа, танылуда. Осы күндері аймақтыӊ өнер ұжымдары облыс әкімініӊ қолдауымен Изірбайжан Республикасыныӊ Баку, Шеки қалаларында өнер көрсетуде.

Тарихи жәдігерлерді қайта қалпына келтіру мақсатында облыс орталығындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі жаӊғыртылып, экспозициясы заманауи үлгіде жаӊартылса, Елбасыныӊ тапсырмасына сәйкес Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата ескерткіш кешені толық реконструкциядан өткізілді. Бүгінгі күні ескерткіш республикалық маӊызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерініӊ мемлекеттік тізіміне енгізілді,- облыс әкімініӊ міндетін атқарушы Қ. Ысқақов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны