04.12.2006, 17:54 2895

ЮНИСЕФ мамандары Қазақстанда ВИЧ індетінің қайталап таралмауына қарсы шаралар жасайды

АСТАНА. 4 желтоқсан. Kazakhstan Today. Осы аптада Оңтүстік Қазақстан облысына бала мен ана денсаулығы мәселелері жөніндегі халықаралық мамандар келеді. Бұл жөнінде ҚР денсаулық сақтау министрлігінде өткен аптаның аяғында болған баспасөз мәслихатында БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорының Қазақстандағы өкілі Александр Зуев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Осы аптада ЮНИСЕФ-тің жеті халықаралық сарапшысы Оңтүстік Қазақстан облысына барады",-деді А.Зуев. "Індет шыққаннан кейін осы аймаққа клиницистер барып балалармен кездесіп денсаулықтарын тексерген. Енді халықаралық мамандар барып, мемлекеттік органдармен бірлесе отырып ұзақ мерзімді жоспар жасайды, індет қайталанбас үшін профилактикалық шаралар қолданады",-деді ол.

Бағдарлама тек балалар арасындағы СПИД бойынша емес , ОҚО аналары мен балаларының денсаулықтарын жақсартуға бағытталады. Бұл кешенді бағдарлама болғанымен ВИЧ мәселесі алдыңғы орынға қойылады", деді ЮНИСЕФ өкілі. Бүгінгі таңда ОҚО 81 баланың және 10 ананың қатерлі дертке шалдыққаны бегілі.

А.Зуев журналистердің сауалдарына жауап бере келе, "өкінішке орай Қазақстанда ВИЧ індеті қайталанбайды деп кесіп айтаға болмайды", деді. "Қазақстанда ВИЧ СПИД мүлдем жойылады деп айту аңғалдық болар еді. Бірақ біз осы қатерді тоқтату үшін барынша шара қолданамыз",- деді ол.

Денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой аталған мәселе бойынша өзінің көзқарасын білдірді. "Бүгінгі таңда министрлік тарапынан қанның қауіпсіздігі мен сапасына қатысты қатаң бақылау жүргізілуде. Бұл шаралар республиканың медицина мекемелерінде кеселдің қайталануына жол берілмейді , деп айтуға негіз береді",-деп атап өтті А.Дерновой.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес, 1-қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырғандардың саны 7088, оның 445-і СПИД-пен ауыратындар. Ағымдағы жылдың басынан бері республикада қатерлі дертке қатысты 1431 жағдай тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,9 есе көп деген сөз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны