18.06.2013, 14:32 3120

К.Байсеитова театры әртістерінің көп бөлігі "Астана Опера" театрында жұмыс істейді

К.Байсеитов атындағы опера және балет театры әртістерінің негізгі құрамы "Астана Опера" жаңа театрында жұмыс жасайды, деп хабарлады ҚР мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Астана. 18-маусым. Kazakhstan Today - К.Байсеитова театры әртістерінің көп бөлігі "Астана Опера" театрында жұмыс істейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

К.Байсеитов атындағы опера және балет театры әртістерінің негізгі құрамы "Астана Опера" жаңа театрында жұмыс жасайды, деп хабарлады ҚР мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед.

"К.Байсеитова атындағы театр әлемнің жетекші театрларынан ұсыныстарға ие жас әртістері басым мықты шығармашылық құрамға ие болғандықтан олар жаңа театрда да өздерінің жоғары деңгейі мен шеберлігін еш қиындықсыз дәлелдей алады... Иртістердің 90-95% конкурстан өтеді деп ойлаймын", - деді министр.

Сонымен бірге, МАМ басшысы айтып кеткендей "жаңа театрдың ашылуымен К.Байсеитова атындағы театр әртістерінің ешқайсысы да жұмысынан айрылмайды".

"Кейбір БАҚ-да конкурстық іріктеу кезінде көптеген әртістер жұмыстан шығарылды деген мәлімет тараған болатын. Мен қазір жауапкершілікпен мәлімдей аламын: Байсеитова атындағы театрдың бір де бір әртісі жұмыстан шығарылған жоқ. Олардың бәрі жұмыс істеп жатыр. Конкурстың бірінші кезеңі өтті. Енді негізгі кезең қыркүйекте өтеді, оған уақыт жеткілікті", - деп мәлімдеді Құл-Мұхаммед.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны