18.07.2026, 11:26 62376

Көк-Жайлауға құрылыс салудың салдаы ауыр болады - сарапшылар

Көк-Жайлауға құрылыс салудың салдаы ауыр болады - сарапшылар

"Экологиялық қоғам Алматы" қоғамдық бірлестігінің сарапшылары Kazakhstan Today агенттігіне берген эксклюзивті сұхбатында Көк-Жайлауға құрылыс салудың экологиялық салдары ауыр жане орны толмайтын қателік болатынын мәлімдеді.


Мамандардың пікірінше, табиғи ортадан, орман алқаптарынан, биологиялық алуантүрліліктен, су ресурстарынан, мұздықтардан және олар қамтамасыз ететін экожүйелік игіліктерден айырылуды ешқандай экономикалық тиімділікпен өтеу мүмкін емес.

Сарапшылар Көк-Жайлау шатқалына табиғи қалпын сақтаған жабайы табиғат нысаны ретінде ерекше мәртебе берілуі тиіс екенін атап өтті.

Олардың айтуынша, бұл аумақ тек қала тұрғындары мен қонақтарының жаяу серуендеуіне пайдаланылып, ең бастысы, өзінің табиғатты қорғау жөніндегі негізгі міндетін - ұлттық табиғи парк ормандарын өсіріп, қорғап және сақтау қажет.

Сонымен қатар мамандардың пікірінше, Көк-Жайлауда заңбұзушылықтардың алдын алу үшін Үкімет үш мемлекеттік орман күзеті кордонын табиғат қорғау инспекторларымен бірге құрып, аумақты тұрақты патрульдеуді ұйымдастыруы, сондай-ақ "Көк-Жайлау" орман шаруашылығын ашып, аумақты қоқыстан тазалайтын тұрақты қызметкерлерді тартуы қажет.

Бұдан бөлек, шатқалға зиян келтіретін автокөліктердің, мотоциклдердің, мопедтердің, квадроциклдердің және велосипедтердің еркін жүруіне қатаң түрде тыйым салу қажет екенін айтты.

Сарапшылардың толық пікірімен сілтеме арқылы танысуға болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны