26.09.2016, 11:39 3533

Қ.Көшербаев "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үйлердіӊ құрылысымен танысты

Аймақ басшысы Сырдария өзені арқылы өтетін жаӊа көпір құрылысыныӊ жұмыстарына куә болды. 2014 жылдыӊ маусымында басталған құрылыс биыл қараша айында толықтай аяқталады. Жобаныӊ жалпы құны 5,975 млрд. теӊгені құрайды.

Қызылорда. 26 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үйлердіӊ құрылысымен танысты.

Көбінесе, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қаладағы Жаппасбай батыр көшесі мен Титов мөлтек аудандарындағы 680 пәтерлік 14 көпқабатты үйдіӊ құрылысымен танысты. Жобаныӊ жалпы құны 6 млрд. 222 млн. теӊгені құрайды. "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлер жыл соӊына дейін ел игілігіне табысталады, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Сондай-ақ аймақ басшысы Сырдария өзені арқылы өтетін жаӊа көпір құрылысыныӊ жұмыстарына куә болды. 2014 жылдыӊ маусымында басталған құрылыс биыл қараша айында толықтай аяқталады. Жобаныӊ жалпы құны 5,975 млрд. теӊгені құрайды. "Мостостроительный-25" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - аталмыш жобаныӊ мердігер мекемесі.

Көпірдіӊ ұзындығы - 386,82 метр, ал ені 22,4 метрге жетеді. Ол 9 тіректен (опора) және 8 аралықтан (пролет) құралған. Құрылыс толықтай аяқталысымен, Қаланыӊ оӊ жақ жағалауын игеру жұмыстары басталады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны