20.10.2020, 20:33 5939

"Көкшетау - көк қарағай мекені" акциясы өтті

Ақмола облысы "Рухани жаңғыру" өңірлік жобалық кеңсесінің қызметкерлері барша көкшетаулықтарға ұран тастап, "Көкшетау - көк қарағай мекені" акциясын бастады

Алматы. 20 қазан. Kazakhstan Today - "Көкшетау - көк қарағай мекені" акциясы өтті.

Қазақтың ақсұңқар ақыны Сәкен Сейфуллиннің жырына арқау болған көк қарағай - біздің өлкенің брендіне айналып келеді. Ертеде біз тұрып жатқан осынау Көкшетау қаласының орны - бойын бұлтқа білегей сыптығыр қарағайдың сыңсыған ну орманы екен дейді. Ел қонғалы Көкшенің көк қарағайы біреуге отын, біреуге үй болып, қарасы азая берген екен. Кезінде ит тұмсығы өтпейтін орманнан бүгінде әр жерде селдірлеген ошарлы ормандар ғана қалғанын көріп отырмыз.

Біздің буын, қазіргі көкшетаулықтар өткен заманның қателігін қайталамай, керісінше қаламызды көркейте түсуге өз үлесімізді қосуымыз керек. Сол үшін Ақмола облысы "Рухани жаңғыру" өңірлік жобалық кеңсесінің қызметкерлері барша көкшетаулықтарға ұран тастап, "Көкшетау - көк қарағай мекені" акциясын бастап отырмыз.

Мінекей, бүгін біз баршаға үлгі болсын деген ниетпен Көкшетау қаласының №4 орта мектебінің маңайына 30 түп қарағай ектік, оларды күтіп-баптауды да өз мойнымызға алып отырмыз. Тілейтініміз - осы игі іс әр мекеме, кәсіпорын ұжымынан қолдау тауып, келер жылы 300 түп қарағайға жетсе екен.

Акцияны қолдап, ұранымызға үн қосамыз десеңіздер, МАРХАБАТ!

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны