30.05.2019, 13:35 8643

Көкшетау техникалық институты Беларусь Республикасында өткен халықаралық конференцияға қатысты

Талқылау нәтижелері бойынша "Жанғыштығы төмен полимерлі материалдар" X Мерейтойлық Халықаралық конференцияны 2021 жылы Қазақстан Республикасы Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты базасында өткізу туралы шешім қабылданды.

Нұр-Сұлтан. 30 мамыр. Kazakhstan Today - 2019 жылғы 20-24 мамыр аралығында Беларусь Республикасында Беларусь мемлекеттік университетінің базасында дәстүрлі "Жанғыштығы төмен полимерлік материалдар" атты IX-ші халықаралық конференциясы өтті.

Конференцияның ұйымдастырушылары: Ресей Ғылым академиясының Химиялық физика институты, Ресей ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясы, Беларусь ТЖМ Азаматтық қорғау университеті, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты.

Конференция пленарлық отырысты, ғылыми секциялардың жұмысын, жас ғалымдар мен мамандардың үздік баяндамасына арналған конкурсты қамтыды.

Конференцияға 150-ге жуық ғалымдар мен мамандар қатысты, оның ішінде 70-тен астам адам тікелей қатысты, олар Ресей, Қазақстан, Белоруссия, Украина және басқа елдердің жоғары оқу орындарын, ғылыми-зерттеу академиялық институттарын, мемлекеттік және басқа да мекемелерін таныстырды.

Конференция еңбектерінің жинағында 60-тан астам баяндама жарық көрді, авторлардың саны 150-ден астам адамды құрайды. Конференцияда полимерлік материалдардың жануына және олардың өрт қауіптілігін төмендету тәсілдеріне қатысты әлемдік қауымдастықтың қазіргі заманғы мәселелері қозғалды, заттар мен материалдардың өрт қауіпті қасиеттерін бағалаудың жаңа әдістері, сондай-ақ полимерлік құрылыс материалдарын қолдануға қойылатын талаптарды нормалауға қатысты мәселелер ұсынылды.

Пленарлық және ауызша баяндамалар бойынша пікір алмасу барысында пайдалы ақпарат алмасу жүргізілді, бұл өзара мүдделерді анықтауға және жанғыштығы төмен полимерлік материалдарды әзірлеудегі іскерлік ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, ғылым, өндіріс және бизнес арасындағы байланыстың жеткіліксіздігі, сондай-ақ академиялық, салалық және жоғары оқу орны ғылымының қажетті интеграциясының жоқтығы атап өтілді. Баяндамаларды талқылау нәтижелері бойынша жанғыштығы төмен полимерлік материалдар саласындағы ғылыми зерттеулердің басым бағыттары жасалды.

Ғылыми конференцияны ұйымдастыруға және өткізуге қосқан зор үлесі үшін Көкшетау техникалық институтының бастығы, техника ғылымдарының докторы, азаматтық қорғау полковнигі Сырым Дүйсенғазыұлы Шәріпханов "Беларусь ТЖМ Азаматтық қорғау университетіне 85 жыл"естелік төсбелгісімен марапатталды.

Конференция жұмысына Көкшетау техникалық институтынан факультет бастығы, техника ғылымдарының кандидаты Миржан Маратұлы Әлменбаев қатысты. Жас ғалымдар мен мамандар арасындағы Үздік баяндама үшін М.М.Әлменбаев дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Талқылау нәтижелері бойынша "Жанғыштығы төмен полимерлі материалдар" X Мерейтойлық Халықаралық конференцияны 2021 жылы Қазақстан Республикасы Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты базасында өткізу туралы шешім қабылданды. Алдыңғы конференция 2017 жылдың маусым айында Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жану проблемалары институтының базасында табысты өткенін атап өту керек, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны