24.03.2019, 15:14 4339

Көктемгі су тасқынына дайындық мақсатында Атырау облысында кешенді іс-шаралар атқарылуда

Атырау қаласындағы жауын және еріген қар суларын бөліп әкету үшін ұзындығы 4,6 шақырым дренаж жүйесін салу жоспарланған. 2018 жылдың қазан айында аталмыш жұмыс толығымен аяқталды.

Атырау. 24 наурыз. Kazakhstan Today - Көктемгі су тасқынына дайындық мақсатында, Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті табиғи сипаттағы ТЖ алдын алу бойынша кешенді іс-шаралар атқарылуда.

Атырау облысының елдімекендерін су басу қауіп негізінен Орынбор облысында орналасқан Ирикла су қоймасы мен және Ресей Федерациясы Волгоград облысының Волгоград су қоймасының, сондай-ақ климаттық ауа -райы оқиғаларына, яғни нөсер жауындарға байланысты.

Қазіргі уақытта, Атырау облысының аумағында су тасқыны жағдайы бірқалыпты. Ирикла су қоймасынан су жіберу 20 м3/сек., ал Волгоград су қоймасынан су жіберу 5800-6000 м3/сек. құрайды.

2015-2016 жылдары жауған нөсер жауынның салдарынан жеке аулалар, көшелер, қаланың ұйымдары мен кәсіпорындарды су басты. Су басудың себебі дренаждық жүйенің жоқтығы және нөсерлі құбыр жолдарының болмауы болды.

Атырау қаласындағы жауын және еріген қар суларын бөліп әкету үшін ұзындығы 4,6 шақырым ( Сәтпаев даңғылы-Авангард 3 ы/а, Жеңіс саябағы ауданы, Құлманов көшесі, Владимирский көшесі, Ғұмаров және Тайманов көшелері, Тайманов-Әлиев көшелері және Махамбет-Исатай алаңы) дренаж жүйесін салу жоспарланған. 2018 жылдың қазан айында аталмыш жұмыс толығымен аяқталды. Аталған қала аумағындағы дренаж жүйесінің жай-күйін пысықтау мақсатында, Департамент қызметкерлері жергілікті атқарушы органының өкілімен бірлесіп көру-шолу жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында, Департамент қызметкерлері тарапынан жергілікті атқарушы органдарының өкіліне аталған дренаж жүйесіне қосымша тазалау жұмыстарын жүргізуді ұсынылды.

Сондай-ақ, Құрманғазы ауданының Дыңғызыл және Шортанбай ауылдық округтеріндегі көктемгі су басу қауіпті учаскелерінде көру-шолу жұмыстары жүргізілді. Бұл шара Департаменттің төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімшесінің бастығы азаматтық қорғау майоры А. Хафизұлы, ҚР АШМ Су ресуртары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының басшысы Г. Азиддулин және Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Ж. Хасановтың қатысуымен жүргізілді. Су тасқынына ұшырауы ықтимал аймақтағы елдімекендерді аралау және көру-шолу жұмыстары кезінде олардың округ әкімдері бірге аралап, бұл учаскелер мен бөгеттердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарып жатырған іс-шараларымен таныстырды.

Аталған көру-шолу жұмыстарының басты мақсаты облыс аумағындағы тұрғындармен елді-мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су тасқынына қарсы инженерлік қорғаныш құрылыстарының жағдайына баға беру болып отыр, деп жазады А.Картимова, Атырау облысы ТЖД ТЖ алдын алу бөлімшесінің инженері, азаматтық қорғау капитаны.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны