20.05.2020, 17:59 4441

ҰҚК Шекара қызметінде әскери қызметшілерді запасқа шығару және азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру қайта басталды

Әскери қызметшілерді әрі қарай қызметтен босату және қызметке шақыру бойынша шаралар, Қазақстан Республикасының барлық аумағында жолаушылар тасымалы жалғастырылғаннан кейін маусым айында жүргізіледі.

Алматы. 20 мамыр. Kazakhstan Today - Төтенше жағдайдың мерзімі аяқталуына байланысты, ҰҚК Шекара қызметінде әскери қызметшілерді запасқа шығару және азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру қайта басталды.

Мамыр айында қалааралық теміржол қатынасында шектеулер болғандығын ескере отырып, белгіленген мерзімде запасқа босатылатын әскери қызметшілерді және шақырылушыларды жету орындарына жеткізу Шекара қызметі бөлімшелерінің автокөліктерімен ұйымдастырылатын болады.

Әскери қызметшілерді әрі қарай қызметтен босату және қызметке шақыру бойынша шаралар, Қазақстан Республикасының барлық аумағында жолаушылар тасымалы жалғастырылғаннан кейін маусым айында жүргізіледі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны