08.10.2019, 17:37 12065

ӘҚК Әскери институтының курсанттары оқытушыларын ұстаздар күнімен құттықтады

Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғаныс күштері Әскери институтының болашақ ұшқыштары мен авиация инженерлері ұстаздарын мерекесімен құттықтап, алғыстарын білдірді.

Алматы. 8 қазан. Kazakhstan Today - Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғаныс күштері Әскери институтының болашақ ұшқыштары мен авиация инженерлері ұстаздарын мерекесімен құттықтап, алғыстарын білдірді.

Салтанатты шараға оқытушылар, ҚР ҚК офицерлері мен қызметшілері жиналды. Курсанттар төзімділік пен түсіністік танытып, ақыл, білім және берген тәлім-тәрбиесіне ризашылықтарын айтты.

"Біздің әрқайсысымыздың бойымызда білім нәрімен сусындатқан ұстаздарымыздың еңбегі жатыр. Тіптен жыл өтсе деүйден жырақта жүріп, оңайшылықпен өтпеген төрт жылымызда біз сіздердің сезімталдық пен махаббаттарыңызды, шәкірттеріңізге деген сенімділіктеріңіз бізді және таңдаған мамандықтарымызға деген махаббатымызды қолдайды және біз оны сезінетін боламыз" - деп профессор-оқытушылар құрамына бітіруші курс курсанты Азамат Сейлханов алғысын айтты.

Ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, Әуе қорғаныс күштері Әскери институтының бастығы полковник Әлім Ибраев мақтанышпен сөз сөйлеп: "Біздің педагогтар өздерінің мәртебелі қызметін абыроймен атқарады! Олар білім, мәдениет, жоғары адами қасиеттер мен идеалды жеткізуші болып табылады. Олар курсанттарды қажет білім нәрімен сусындатып қоймай, сондай-ақ жас мамандарды мәңгілік бағалы саналатын мейірімділік, әділеттілік, шешім қабылдай алу, өз күштеріне сену сынды қасиеттерге үйретеді. Мамандықтың ерекшелігі мен жауапкершілігі сонда" - деді.

Әскери институтта әртүрлі ғылыми дәрежесі бар 92 әскери және азаматтық педагог қызмет етеді. Оның ішінде PhD доктор, 6 ғылым кандидат, 9 офицердің академиялық білімі мен 40 әскери қызметшіде магистр дәрежесі бар. Олардың қатарында сарбазды құтқарғаны үшін II дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған подполковник Тимур Жұқабаев бар.

"Бұл 2009 жылдың жазында болған оқиға. Полигондағы әскери бөлімде жауынгерлік гранаталарды қолдану арқылы оқу-жаттығу өтті. Бұл менің басшылығымда болды. Барлық әскери қызметшілер дайындықтан өтті. Бірнеше адамның қалғаны есімде. Сарбаздардың бірі жертасаға түсті. Ол өзін сенімді ұстады, қорқыныш еш байқалмады. Бірақ лақтыру кезінде қолындағы граната шығып кетті я қолы дірілдеді, бірақ жауынгерлік снаряд аяқ астына құлады. Шешім қабылдауға кеткен 3-4 секунд жарылу уақытымен бірдей болды. Көп ойлануға уақыт тығыз болған соң, мен оны құшақтап алып жертасадан лактырып тастадым" - деп Тимур Жұқабаев ерлігін еске алды. Офицер жертасадан шығып үлгірмейтіндігін түсініп, жарылыс салдарын азайту үшін өмірін тәуекелге байлады. Гранатаны өз денесімен жабу туралы шешім бірден келді. Тимур Жұқабаев жарақат алды. Күрделі оталар мен оңалтудан кейін офицер қатарға қайта қосылды.

Қазіргі таңда полполковник Тимур Жұқабаев Әуе қорғаныс күштері Әскери институтында жалпыәскери тәртіп кафедрасы бастығының орынбасары болып табылады. Ол әр сабақта болашақ офицерлерге үлгі бола отырып, оларды жауапкершілікке, таңдаған мамандықтарына борышпен қарап, адал болуға баулиды.

Іс-шара соңында профессор-оқытушылар құрамы мадақтамалармен және алғыс хаттарымен марапатталды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны