06.07.2020, 23:31 6594

ҰҚК қымбат тұратын автокөліктерді елге заңсыз кіргізу фактісінің жолын кесті

Карантиндік шектеу шараларына қарамастан, Мемлекеттік шекара арқылы құқыққа қайшы әрекеттер тоқтамай тұр.

Алматы. 6 шілде. Kazakhstan Today - ҰҚК қымбат тұратын автокөліктерді елге заңсыз кіргізу фактісінің жолын кесті.

Карантиндік шектеу шараларына қарамастан, Мемлекеттік шекара арқылы құқыққа қайшы әрекеттер тоқтамай тұр.

Сонымен, 2020 жылғы 5 шілдеде "Қайрақ" өткізу пунктінде (Қостанай облысы) шекарашылар шекаралас мемлекет аумағында айдап кетілуі ықтимал қымбат тұратын "Lexus RX 300" және "Тойота Камри 70" автомашиналарын елге заңсыз кіргізу фактісінің жолын кесті.

Автокөлікті толық қарау кезінде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізумен бүркемеленген шанақтың нөмірлік белгілерін қолдан жасау белгілері анықталды.

Материалдар одан әрі процессуалдық іс-қимылдар жүргізу үшін аумақтық полиция бөлімшесіне берілді.

Шекарашылар шекарада өткізу пункттерінде жалған шанақ нөмірлері, теxникалық паспорттары мен басқа да қолдан жасау белгілері бар автомашиналарды тұрақты түрде анықтайтынын атап өту керек, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны