14.01.2015, 22:34 4169

Қ. Жақыпов: депутаттық заӊ жобасы балаларды жағымсыз ақпараттардан қорғауға жол ашады

Палата Төрағасы Қабиболла Жақыповтыӊ төрағалығымен өткен Мәжілістіӊ жаӊа жылдағы алғашқы жалпы отырысында халық қалаулылары "Балалаларды денсаулығы мен дамуына зиян тигізетін ақпараттан қорғау туралы" заӊ жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Астана. 14 қаӊтар. Kazakhstan Today - Палата Төрағасы Қабиболла Жақыповтыӊ төрағалығымен өткен Мәжілістіӊ жаӊа жылдағы алғашқы жалпы отырысында халық қалаулылары "Балалаларды денсаулығы мен дамуына зиян тигізетін ақпараттан қорғау туралы" заӊ жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл заӊды қабылдаудыӊ өзектілігі ақпараттық кеӊістіктіӊ жаһандану жағдайында ақпараттық теріс ықпал етуге ұшырап жататын балалардыӊ әлсіздігімен түсіндірледі.

Қаралып отырған заӊ жобасыныӊ маӊыздылығын алға тартқан Қабиболла Жақыпов құжатты мемлекеттік тілде әзірлеп ұсынған депутаттарға алғысын жеткізе келіп, заӊ жобасын қабылдау өскелеӊ ұрпақты психикалық зақым түсіруге, қоғамға қарсы әрекеттерге жол ашуға ықпал ететін ақпараттардан қорғауға жол ашатынына сенім білдірді.

Заӊ жобасы түрлі жастағы балаларға арналған ақпараттық өнімдерге(баспа, үн-бейне таспа, БАҚ басқа да) олардыӊ психофизиологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып арнайы талаптар бекітуді қарастырады.

Заӊ жобасымен жұмыс барысында депутаттар ақпараттық өнімге сараптама жүргізу тетігін бекітуге, сарапшыларға қойылатын талаптарды белгілеуге, сарапшылар мен сараптама ұйымдарын аккредиттеу тәртібін айқындауға, осы саланы реттейтін мемлекеттік органдар құзыретініӊ аражігін ажыратуға, сондай-ақ, заӊ жобасыныӊ жекелеген нормаларын нақтылауға, мазмұнын жақсартуға бағытталған түзетулер енгізді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны