06.04.2012, 12:41 4336

Кадрларды дуальді даярлаудың элементтері 96 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында пайдаланылуда

Қазақстанда Кадрларды дуальді даярлаудың элементтері 96 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында пайдаланылуда, деп мәлім етті Теміртау қаласындағы семинар барысында Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов.

Астана. 6-сәуір. Kazakhstan Today - Кадрларды дуальді даярлаудың элементтері 96 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында пайдаланылуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда Кадрларды дуальді даярлаудың элементтері 96 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында пайдаланылуда, деп мәлім етті Теміртау қаласындағы семинар барысында Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов.

Бұл жүйе бойынша оқушылар оқу уақытының 70-80%-ын өндірісте, қалған 20-30%-ын колледжде өткізеді.

"Кадрларды дуальді даярлаудың элементтері 96 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында ауыл шаруашылығы, көлік, металлургия, машина жасау, мұнай-газ және химиялық өндіріс сияқты салаларда пайдаланылады.Олар "ҚазАгро", "Қазақстан Темір Жолы", "АрселорМиттал Теміртау", "Дон тау-кен байыту комбинаты", "Қазақстан Инжиниринг", "ҚазМұнайГаз" және басқа ірі компаниялар арқылы іске асуда", - деді бүгін Б.Жұмағұлов.

Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуальді жүйесі - кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі. Бұл жүйе Германия, Австрия, Дания, Нидерланды, Швеция сияқты дамыған елдерде табысты жұмыс істеуде. Соңғы жылдары оған Қытай және Азиядағы басқа да елдер үлкен қызығушылық танытып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны