06.02.2013, 13:02 3509

Каирде Иран президентіне шабуыл жасалды

Ол мешіттен шығып бара жатқан Ахмадинежадқа Сіздер бауырларымызды қырып жатырсыңдар деп, шабуыл жасауға тырысқан. Бірақ қауіпсіздік қызметінің сақшылары бұған жол берген жоқ. Иран өкіметі Сирия президенті Башар Асадқа әскери және экономикалық қолдау көрсетіп жүргені белгілі. Махмұд Ахмадинежад бүгін Каирде жұмысын бастайтын Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммитіне қатысу үшін келген.

Астана. 6-ақпан. Kazakhstan Today - Мысырға сапармен келген Иран президенті Махмұд Ахмадинежадқа аяқ киім лақтырмақ болған сириялық бір азамат қамауға алынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ол мешіттен шығып бара жатқан Ахмадинежадқа Сіздер бауырларымызды қырып жатырсыңдар деп, шабуыл жасауға тырысқан. Бірақ қауіпсіздік қызметінің сақшылары бұған жол берген жоқ. Иран өкіметі Сирия президенті Башар Асадқа әскери және экономикалық қолдау көрсетіп жүргені белгілі. Махмұд Ахмадинежад бүгін Каирде жұмысын бастайтын Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммитіне қатысу үшін келген.

Ол отыз жылдан бері Мысырға аяқ басқан Иранның алғашқы басшысы болды. 1979 жылы Мысыр басшылығы Израильмен бейбіт келісімге қол қойғаннан кейін, Иран бұл елмен бар қатынастарын үзген болатын. Тек 2010 жылдан бері екі ел арасындағы қатынас түзеле бастады. Екі ел арасында әуеқатынас орнап, Иран Мысырға мұнай өнімдерін сатуын қайта жалғастырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны