14.06.2016, 17:59 6503

Қай жағдайларда әкімшілік айыппұлды 50 пайыздық жеӊілдікпен төлеуге болады?

Қызылорда облысы бойынша жыл басынан бері салынған 577 млн 666 мыӊ теӊге айыппұлдыӊ 216 млн 024 мыӊ теӊгесі өндірілген

Астана. 14 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы бойынша жыл басынан бері салынған 577 млн 666 мыӊ теӊге айыппұлдыӊ 216 млн 024 мыӊ теӊгесі өндірілген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Осы ретте, салынған әкімшілік айыппұлды 50 пайыздық жеӊілдікпен төлеу мүмкіндігі жөнінде бірі білсе, бірі біле қоймас. Егер, полиция қызметкері Сізге қатысты әкімшілік хаттаманы рәсімдеу барысында, Сіз кәмелеттік жасқа толған болсаӊыз және де өз кінәӊізді мойындасаӊыз 7 тәулік ішінде салынған айыппұлдыӊ 50 пайызын төлеу мүмкіндігін пайдалана аласыз. Сонымен қатар, әкімшілік істіӊ жазасында басқа да түрлері болмаса, мысалға жүргізу құқығынан айыру, ескерту немесе әкімшілік қамау.

Мәселен, жүргізушіге қатысты қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін әкімшілік хаттама рәсімделсе, оған 5 АЕК, яғни 10605 теӊге көлемінде айыппұл салынады. Осы жағдайда жүргізуші өз кінәсін мойындап, салынған айыппұлмен келіссе, ол айыппұлдыӊ 50 пайызын, яғни осы жағдайда 5302,5 теӊгені 7 тәулік ішінде төлеуге құқығы бар. Полиция қызметкері әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманыӊ көшірмесін және белгіленген үлгідегі түбіртекпен бірге жүргізушіге тапсырады. Және айта кететін жайт, төленген түбіртекті жүргізуші Икімшілік полиция басқармасыныӊ Икімшілік практика бөліміне тапсыруы қажет. Көп жағдайларда тұрғындар бұл мән-жайларды ескермей, түсініспеушілікке әкеп соқтырады. Алайда барлығы Заӊ аясында.

Ал егер де құқық бұзушылық полиция қызметкерімен емес, автоматты режимде жұмыс атқаратын арнайы фото-видеокамераларымен анықталған жағдайда айыппұлды толығымен төлеу қажет. Бұл жағдайда 50 пайыздық жеӊілдік қарастырылмаған.

Айыппұлдарды қайда және қалай төлеуге болады?

Айыппұлды төлеудіӊ бірнеше жолдары бар. Бүгінгі таӊда айыппұлды әдеттегі кассалардан бөлек екінші дәрежелі банктердіӊ терминалдары арқылы төлеуге де болады. Бюджеттік сыныптама коды - 2014106, айыппұлды төлеуге әкімшілік хаттама нөмірі де керек. Сонымен қатар, айыппұлды egov.kz электронды сайты арқылы да төлеуге болады.

Еgov.kz электронды сайты арқылы айыппұлды төлеу үшін құқық бұзушыныӊ ЖСН болуы тиіс. Төлеген соӊ төлем парақшасын шығарып ала аласыз.

Қызылорда қаласы Жібек Жолы көшесі №22 мекен-жайында орналасқан Жергілікті полиция қызметініӊ ғимаратындағы әкімшілік практика бөлімінде кассадан бөлек терминал және Еgov.kz электронды сайты арқылы да төлей аласыз. Қала тұрғындарына төлеуге кеӊесшілер көмек көрсетуде.

Төленген түбіртекті өткіз

Айыппұлды төлеп қана қоймай, төленгені жөніндегі түбіртекті өткізу қажет екендігін тағы да естерініӊізге саламыз. Осы сұрақ көп жағдайларда түсініспеушілік тудыруда.

Бұны Заӊ талап етеді. Салынған әкімшілік айыппұлды төлеген соӊ ҚР ИҚБтК-де лауазымды тұлғаны хабардар ету жөнінде көрсетілген. Ал Заӊ бәрімізге ортақ. Айыппұл төленгені жөнінде түбіртекті әкімшілік практика бөліміне өткізуіӊіз қажет. Егер фото-видеофиксация бойынша салынған айыппұл болса, онда ИПБ Процессингтік орталығына өткізу қажет. Екі бөлім де Жібек Жолы көшесі 22 (бұрыӊғы ОблГАИ ғимараты) мекен- жайы бойынша орналасқан.

Сонымен қатар түбіртекті пошта қызметі арқылы да жолдауға болады. Бастысы құжат уақытылы өткізілуі қажет.

Егер де айыппұл 30 күн мерзімде төленбеген немесе төленген түбіртек уақытылы өткізілмеген болса, ерікті төлеу мерзімініӊ өтуіне байланысты әкімшілік қаулы мәжбүрлеп орындату мақсатында жеке сот орындаушыларына жолданады. Бұл жағдайда құқық бұзушы өзіне салынған айыппұлдан бөлек жеке сот орындаушысыныӊ қызметін төлеуге міндетті болады, яғни салынған айыппұлдыӊ 25 пайызы. Бұдан бөлек уақытылы төлемеген жағдайда басқа да жағымсыз жағдайларға тап болуыӊыз мүмкін екендігін ескертеміз. Мысалы, шет елдерге шығуда және мемлекеттік қызмет көрсетуде қиындықтар туады.

Жыл басынан 50 пайыздық жеӊілдікті 12913 қала тұрғындары пайдаланып, 98 396 457 теӊге айыппұл төлеген.

Қызылорда ОІІД Икімшілік полиция басқармасыныӊ бастығы полиция полковнигі Алтынбек Ахметов

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны