12.05.2015, 18:05 5085

«Қайыршы» жедел алдын алу іс-шарасы туралы ақпарат

Үміткер Ішкі істер министрлігініӊ бастамасы бойынша ағымдағы жылдыӊ 11 мамырына бастап елімізде «Қайыршы» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Астана. 12 Мамыр. Kazakhstan Today - Үміткер Ішкі істер министрлігініӊ бастамасы бойынша ағымдағы жылдыӊ 11 мамырына бастап елімізде «Қайыршы» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.
«Қайыршы» ЖПІШ негізгі мақсаты әр-түрлі қызметке мәжбүрлеу және белгілі табысқа жету, азаматтарға мазалап тиісумен көрінген құқық бұзушылықты анықтау және жолын кесу, ескерту болып табылады.
Қолданыстағы заӊнамаға сәйкес ИҚБтК-ныӊ 449-бабында көрсетілген құқыққа қайшы әрекеттер Қазақстан Республикасыныӊ азаматы жасаса 5-тен 10 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл түрінде, немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу көзделген. Шетел азаматтары үшін Қазақстан Республикасынан шығарумен қоса 5 тәулікке дейін қамау алу түрінде жазалар көзделген.
«Қайыршы» жедел алдын алу іс-шарасын өткізудіӊ бірінші күні 12 мыӊға жуық ішкі істер органдарыныӊ, оныӊ ішінде 5 мыӊнан астам учаскелік полиция инспекторлары, 1,5 мыӊ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторлар, 3,5 мыӊға жуық жол-патрульдік полиция бөліністерініӊ лауазымды адамдары, 1,5 мыӊ өзге қызметтіӊ қызметкерлері (криминалдық, жедел-криминалистикалық полиция және кешенді күштер), сондай-ақ бір жарым мыӊнан астам жұртышылық және мүдделі мемлекеттік органдардыӊ өкілдері тартылды.
ЖПІШ-ті өткізу барысында ИҚБтК-ніӊ 449-бабы бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін (Қоғамдық орындарда тиісу) 919 құқық бұзушы жалпы соммасы 7 млн. Теӊгеден астам айыппұл салу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 8 шетелдікке қатысты Қазақстан Республикасынан шығару туралы шешім қабылдау үшін материалдар жиналып аудандық әкімшілік соттарға жолданды.


Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны