13.05.2015, 15:34 4141

"Қайыршы" жедел алдын алу іс-шарасыныӊ барысы туралы ақпарат

Елімізде ішкі істер органдары өткізіп жатқан "Қайыршы" жедел профилактикалық іс-шарасыныӊ екі күнінде ИҚБтК-ніӊ 449-бабы бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін (Қоғамдық орындарда тиісу) 1824 құқық бұзушы жалпы соммасы 14,5 млн. теӊгеден астам айыппұл салу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 24 шетелдікке қатысты Қазақстан Республикасынан шығару туралы шешім қабылдау үшін материалдар жиналып аудандық әкімшілік соттарға жолданды

Астана. 13 Мамыр. Kazakhstan Today - Елімізде ішкі істер органдары өткізіп жатқан "Қайыршы" жедел профилактикалық іс-шарасыныӊ екі күнінде ИҚБтК-ніӊ 449-бабы бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін (Қоғамдық орындарда тиісу) 1824 құқық бұзушы жалпы соммасы 14,5 млн. теӊгеден астам айыппұл салу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 24 шетелдікке қатысты Қазақстан Республикасынан шығару туралы шешім қабылдау үшін материалдар жиналып аудандық әкімшілік соттарға жолданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қайыршы" ЖПІШ негізгі мақсаты әр-түрлі қызметке мәжбүрлеу және белгілі табысқа жету, азаматтарға мазалап тиісумен көрінген құқық бұзушылықты анықтау және жолын кесу, ескерту болып табылады.

Қолданыстағы заӊнамаға сәйкес ИҚБтК-ныӊ 449-бабында көрсетілген құқыққа қайшы әрекеттер Қазақстан Республикасыныӊ азаматы жасаса 5-тен 10 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл түрінде, немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу көзделген. Шетел азаматтары үшін Қазақстан Республикасынан шығарумен қоса 5 тәулікке дейін қамау алу түрінде жазалар көзделген.

"Қайыршы" жедел алдын алу іс-шарасын өткізуге күн сайын 12 мыӊға жуық ішкі істер органдарыныӊ, оныӊ ішінде 5 мыӊнан астам учаскелік полиция инспекторлары, 1,5 мыӊ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторлар, 3,5 мыӊға жуық жол-патрульдік полиция бөліністерініӊ лауазымды адамдары, 1,5 мыӊ өзге қызметтіӊ қызметкерлері (криминалдық, жедел-криминалистикалық полиция және кешенді күштер), сондай-ақ бір жарым мыӊнан астам жұртышылық және мүдделі мемлекеттік органдардыӊ өкілдері тартылуда.



Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны