21.01.2015, 20:53 4562

Қайрат Келімбетов өз еркімен қызметінен кетті

Қазақстан велоспорты федерациясыныӊ президенті Қайрат Келімбетов өз еркімен қызметінен кететін болды. Бұл туралы федерацияныӊ баспасөз қызметінен мәлім етті

Астана. 21 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстан велоспорты федерациясыныӊ президенті Қайрат Келімбетов өз еркімен қызметінен кететін болды. Бұл туралы федерацияныӊ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Илемде болып жатқан күрделі экономикалық дағдарыс кезеӊінде Ұлттық банкке тапсырылған міндеттерді өз деӊгейінде орындау үшін барымды салуым тиіс. Сол себепті Федерация басшылығынан өз еркіммен кетуді ұйғардым", - дейді Қазақстан Ұлттық банкініӊ төрағасы Қайрат Келімбетов, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Велоспорт федерациясыныӊ жаӊа президенті жақын арада есеп беруге арнап өткізілетін конференцияда жария етіледі. Айта кету керек, Қайрат Келімбетов Федерацияны басқарып тұрған уақытта қол жеткен негізгі жетістік - Александр Винокуровтыӊ Лондон олимпиадасында алтын медальді иеленуі болды.

Сонымен қатар, "Астана" велокомандасы соӊғы жылдары халықаралық аренада сәтті өнер көрсетіп келеді.

Естеріӊізде болса, Қайрат Келімбетов "Тур де Франс" велокөпкүндігініӊ алғашқы кезеӊін Қазақстанда өткізу туралы бастама көтерген болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны