01.06.2018, 14:40 11712

Қайрат Рысқұлбековтыӊ "Халық Қаһарманы" атағыныӊ белгісі Алматы мұражайына берілді

Саяси қуғын - сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушы Қайрат Рысқұлбековтыӊ "Халық Қаһарманы" атағыныӊ белгісі Алматы мұражайына берілді. Белгіні оныӊ бауыры Талғат Рысқұлбеков тапсырды.

Алматы. 1 маусым. Kazakhstan Today - Саяси қуғын - сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушы Қайрат Рысқұлбековтыӊ "Халық Қаһарманы" атағыныӊ белгісі Алматы мұражайына берілді. Белгіні оныӊ бауыры Талғат Рысқұлбеков тапсырды.

Қайрат Рысқұлбеков еӊ жоғары ауыр үкім - өлім жазасына кесіліп, кейін бұл жиырма жыл бас бостандығынан айыруға ауыстырылған болатын. Ол Семейдегі түрмеде, жазасын өтеуге кетіп бара жатқан жолда қаза тапқан. 1992 жылы қайтыс болған соӊ ақталған. 1996 жылы Қазақстан Президентініӊ Жарлығымен оған "Халық Қаһарманы" (Халық Батыры) атағы берілді.

Еске салсақ, бүгін Алматыда 1931-1933 жылдарғы ашаршылық құрбандарыныӊ ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, оған қоғам қайраткерлері, репрессия мен ашаршылық құрбандарыныӊ ұрпақтары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері және қала жастары қатысты.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны