20.03.2013, 10:27 9236

Қайрат Түнтеков бостандыққа шықты

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Алматыда жол апатына себепші болған әнші қырық тәулік бойы тергеу абақтысында отырды. Икімшілік қамаудан босатылған Қайратты журналистер мен оның өнеріне табынушы кейуана бір шоқ гүлмен қарсы алған.

Астана. 20-наурыз. Kazakhstan Today - Қырық тәулік әкімшілік қамауға алынған қазақстандық эстрада жұлдызы Қайрат Түнтеков бостандыққа шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Алматыда жол апатына себепші болған әнші қырық тәулік бойы тергеу абақтысында отырды. Икімшілік қамаудан босатылған Қайратты журналистер мен оның өнеріне табынушы кейуана бір шоқ гүлмен қарсы алған.

"Ол өте керемет әнші және адамға жақсы әсер береді. Мен тіпті оны қазақтың Майкл Джексонына теңер едім",-деді әншінің табынушысы Сақып Жаңабаева.

Жетпіс жастағы кейуана қырық күн бойы Қайраттың тілеуін тілепті. 19-шы наурызда сүйікті әншісінің бостандыққа шығатынын естіген соң оны осы жерде қарсы алуды жөн санаған.

Қайраттың қымбат көлік мінген жақын достары да осы жерден табылды. Айтпақшы олар әлдебір себептерге байланысты Қайраттың табынушысының көңілінен шықпады.

Түнтековтың жолдастары болса әншіге сұрақ қоймақ болған журналистермен сөзге келісіп қалған.

Енді әнші жол апатынан зардап шеккен бойжеткенге 40 мың АҚШ доллары көлемінде материалдық шығынды төлеуі тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны