21.09.2007, 13:18 1402

Қайтыс болған қатардағы жауынгер Башаровтың мәйіті Жамбыл облысына жөнелтілді

Қайтыс болған қатардағы жауынгер Башаровтың мәйіті Жамбыл облысына жөнелтілді.

Павлодар. 21 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін"- Қайтыс болған қатардағы әскер Бек Барашовтың мәйіті Жамбыл облысының Жуалы ауданының Көшбөлтек аулына жеткізіледі. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне оның жедел қызмет атқарған 5512 ішкі әскердің әскери бөлімшесінен хабарлады.

Табытты Павлодардан алып аттанып кетті", - деп түсіндірді бөлімше командирі Марат Аринов. Оның айтуынша, қайтыс болған жігіттің отбасында төрт ұл болған, ол үшіншісі. М. Аринов сондай-ақ, бөлімшенің әскери қызметкерлері қатардағы Башаровтың отбасына көңіл айтып, болған оқиғаға өкініш білдіргендігін хабарлады.

"Біз оның ата-аналарының алдында осы қайғылы оқиғаға жол бергеніміз үшін кешірім сұрадық",- деді бөлімше командирі. Искери бөлімше ұжымы жерлеу шығындарының жартысын өз мойындарына алған. Атап айтқанда, әскери қызметкерлер Қарабалық аулына азық-түлік пен отбасына көмек ретінде 100 мың теңге беріп жіберген.

Бөлімшеден хабарлағандай, 19 жасар Башаров әскерге осы жылдың маусымында шақырылған. Бұрын хабарлағанымыздай, шұғыл қызметтің 19 жасар әскері Бек Башаров 30-тамызда ес-түссіз жағдайда ауруханаға жеткізілген болатын. Екі апта өткеннен кейін ішкі әскердің қатардағы жауынгері Павлодардың №1 ауруханасының жансақтау бөлімшесінде көз жұмған болатын.

Искери-тергеу бөлімінің ақпараттарына сүйенсек, күдікті өз кінәсін мойындап отыр. Ефрейтор Павлодардың уақытша тергеу изоляторына қамалған. Оған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 370-бабы бойынша қылмыс жасады деген айып тағылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны