19.09.2016, 10:35 4245

Қала әкімі Бауыржан Байбек алматылықтарды мерейлі мерекемен құттықтады

Қала басшысы алматылықтардыӊ ерен еӊбегі арқасында мегаполис Тәуелсіздік жылдары ішінде еліміздіӊ ғылым мен білім, мәдениет пен қаржы орталығына айналғанын, бүгінгі күні қала Қазақстан экономикасыныӊ бестен бір бөлігін, ал кіші және орта бизнес шығарылатын барлық өнімніӊ теӊ жартысын беретіндігін жеткізді.

Алматы. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыныӊ 1000 жылдық мерейлі мерекесі аясында ҚР Тұӊғыш Президенті саябағында "АЛМАfest-2016" алма фестивалі өтті. Қала әкімі Бауыржан Байбек алматылықтарды мерейлі мерекемен құттықтады.

Икім қаланыӊ брендіне айналған алма фестивалімен Қала күнін атап өту жақсы дәстүрге айналғандығын жеткізді. Бұл фестиваль Алматыныӊ бұрынғы даӊқын жаӊғыртып, алмалы өлке екендігін дәлелдей түседі. Алма фестивалі қалада 2010 жылдан бері мегаполистіӊ символі ретінде өткізілуде әрі шара барысында түрлі мәдени шаралар да ұйымдастырылуда.

"Биылғы жыл - бәріміз үшін ерекше жыл. Біз Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи қысқа уақыт ішінде Тұӊғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ салиқалы басшылығы арқасында Қазақстан орасан қиындықтарды жеӊе отырып, теӊдессіз жетістіктерге жетті. Илемдегі беделді әрі қуатты мемлекетке айналды, бейбітшілік пен бірлік, ынтымақ пен келісім салтанат құрды. Қазақстанныӊ еӊ ірі қаласы Алматыныӊ жетістігі еліміздіӊ өсіп-өркендеуімен тығыз байланысты", - деп атап өтті Б.Байбек.

Қала басшысы алматылықтардыӊ ерен еӊбегі арқасында мегаполис Тәуелсіздік жылдары ішінде еліміздіӊ ғылым мен білім, мәдениет пен қаржы орталығына айналғанын, бүгінгі күні қала Қазақстан экономикасыныӊ бестен бір бөлігін, ал кіші және орта бизнес шығарылатын барлық өнімніӊ теӊ жартысын беретіндігін жеткізді.

Алматылықтардыӊ зор еӊбегін саралай келіп, қала әкімі Бауыржан Байбек "Қаланыӊ құрметті тұрғыны" мәртебелі атағын белгілі ғалым және археолог Карл Байпақовқа, медицина ғылымдарыныӊ докторы, ғылымға еӊбек сіӊірген қайраткер Камал Ормантаевқа, қоғам қайраткері Самат Жиенбавқа, жазушы Мырзатай Жолдасбековке, Социалистік Еӊбек Ері Вера Сидороваға берді.

"Қаланы бұрынғыдан да жайлы ету үшін біз өткен жылы қоғамныӊ кеӊ талқылауымен Алматыныӊ 2020 жылға дейінгі даму Бағдарламасын қабылдадық. Бүгінгі күні бұл шара біртіндеп жүзеге асуда, көшелер мен аулалар, қоғамдық көлік, энергетика, коммуналды инфрақұрылым, әлеуметтік нысандар жаӊартылуда. Біз "қала машинаға емес, адамдарға" деген бастамамен дамыған мегаполистердіӊ оӊ тәжірибелерін пайдаланудамыз. Мұндағы басты міндет - қоғамдық көлікті, велосипед қозғалысын дамыту. Жасалып жатқан игі істердіӊ барлығы қала тұрғындарыныӊ жақсы тұрмысына бағытталған. Мегаполисті одан әрі дамыту, әлемніӊ еӊ үздік қалаларыныӊ біріне айналдыру бойынша жоспарларымыз жеткілікті. Мен өздеріӊізбен бірге осынау мақсаттарды ойдағыдай жүзеге асыратындығымызға сенімдімін", - деді Б.Байбек.

Мегаполис басшысы алма жәрмеӊкесінде болды, мұнда150 тонна рекордтық көрсеткіш болатын алма жеткізілген. Тақырыптық интерактивті алаӊдарды аралады.

Саябақ аумағы 8 алаӊға бөлінген, мұнда келген әрбір тұрғынныӊ көӊілінен шығатындай мәдени-сауықтыру шаралары өтуде. Көӊілді аниматорлар балдырғандардыӊ көӊілін көтерді, Алматыныӊ үздік суретшілері қыл қаламдарымен шеберлік сыныптарын өткізді. Ұлттық тағамдар ұсынылды.

"АЛМА-ЖАСТАР" аймағы - неформальді емес және түрлі суб мәдени ағымдағы жастарға есіктерін кеӊінен ашты. АЛМА-КАРАОКЕ" Алматы туралы ескі әндерді ұсынып, конкурстар өткізді.

"АЛМА-БАЗАР" негізгі аймақта Алматы облысыныӊ 30 шаруа қожалықтарынан әкелінген 26 сортты 150 тонна алма сатылды.

Жалпы , мереке күні қаланыӊ әр бұрышында түрі шаралар өтті, ал кешке қарай "Apple Fire" шоу отшашуы болды. Салют сағат 21.00-де бірден қаланыӊ үш нүктесі - "Көктөбеден", "Астана" алаӊынан және "Алматы Арена" Мұз сарайынан атылды.

Ақпараттық анықтама: Биыл алма жәрмеӊкесіне рекордты 150 тонна алма жеткізілді. Алматылықтар мен қала қонақтары 1 кг. алманы базардағыдан төмен баға - 250 теӊгеден сатып алды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны