05.09.2018, 23:18 6831

Қала күні аясында Almaty Film Festival шеӊберінде шеберлік сыныптары мен тренингтер ұйымдастырылады

Бұлардан өзге, Cinemax (Dostyk Plaza) және Lumiera Cinema кинотеатрларында кинофестивальге қатысушылардыӊ фильмдері мен конкурстан тыс картиналар тегін көрсетіледі.

Алматы. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қала күні аясында Almaty Film Festival шеӊберінде шеберлік сыныптары мен тренингтер ұйымдастырылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қала күні аясында Алматыда 15-19 қыркүйек аралығында алғашқы "Almaty Film Festival" өтеді, осыған орай оӊтүстік астанаға шетелдік кино мэтрлері - ресейлік режиссер, "Оскардыӊ" екі дүркін номинанты, "Almaty Film Festival" жюриініӊ төрағасы Сергей Бодров, неміс актрисасы, "Сезар" сыйлығыныӊ және көптеген әлемдік кинофестивальдардыӊ жүлдегері Настаcья Кински, британ-француз продюсері ("Супермен") Пьер Спенглер, француз продюсері,Парижедгі Ресей кинофестивалініӊ президенті Марк Рускар, корейлік режиссер-продюсер Ким Ки-дук, продюсер Алексей Петрухин және басқалары келеді.

Алматы кинофестивалініӊ негізгі шаралары Cinemax (Dostyk Plaza) және Lumiera Cinema (ОУМ) кино театрларында өтеді.

Фестиваль кезінде шеберлік сыныптары мен тренингтер ұйымдастырылады. Мысалы, 16 қыркүйекте сағат 15:00-16:00 аралығында Ким Ки дук "Продюсерлік пен режиссура" шеберлік сыныбын өткізеді. Ал, 17 қыркүйекте сағат 17:00-18:30 аралығында Сергей Бодров "Заманауи халықаралық кино, Голливудта не болып жатыр? Жас режиссерлардыӊ фильмдері",18 қыркүйекте сағат 15:00-16:00 аралығында Алексей Петрухин "Идеядан көрерменге дейін" шеберлік сыныптарын ұйымдастырады.

Бұлардан өзге, Cinemax (Dostyk Plaza) және Lumiera Cinema кинотеатрларында кинофестивальге қатысушылардыӊ фильмдері мен конкурстан тыс картиналар тегін көрсетіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны