17.08.2018, 14:36 8740

Қала күнін мерекелеу аясында Алматыда 100 астам іс-шара өтеді

25 тамыздан бастап 30 қыркүйекке дейін Алматыда 100 астам іс-шара өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Алматы. 17 тамыз. Kazakhstan Today - 25 тамыздан бастап 30 қыркүйекке дейін Алматыда 100 астам іс-шара өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қала күнін мерекелеу аясында тамыздан қыркүйекке дейінгі аралықта 100 астам іс-шара өткізу жоспарланып отыр, соныӊ ішінде 50-і мәдени-көпшілік іс-шара. Оӊтүстік астанаға шығармашылық ұжымдар мен суретшілер Франциядан, Словениядан, Жапониядан, Италиядан, Германиядан, Ресейден, Беларусьтан келеді.

Республика өӊірлерінен және шетел мемлекеттерінен келген қонақтарға, сонымен қатар қала тұрғындарына классикалық, ұлттық және заманауи музыканы орындайтын артистердіӊ бағдарламалары, тағам мен монументалды-сәулет өнерініӊ фестивальдары, көрмелер, перфоманстар, театрландырылған көріністер, сатирикалық шоулар т.б. дайындалды.

Сонымен қатар бағдарлама аясында "Көк-Төбе опера - 2018" классикалық музыка фестивалі, "ARТBAT fest" заманауи өнердіӊ халықаралық фестивалі, "Оркестрлер шеруі" ашық аспан астындағы оркестр музыкасыныӊ фестивалі, "KITAP FEST" кітап фестивалі, "Family Festival" отбасы күні, "Almaty garden show" бау-бақша халықаралық фестивалі, "GAKKU дауысы" қазақстандық музыка фестивалі, "ALMA Fest" дәстүрлі қалалық алма фестивалі, Muzzone Dance Party, "Mural" монументалды-декоративтік өнердіӊ халықаралық фестивалі, мото фристайл "Red bull FMX JAMS", "Almaty Film Festival", "Junior Eurovision" жобасы, Алатау ауданыныӊ 10-жылдығын мерекелеу, "Almaty Fest Big City Picnic", кілем бұйымдарыныӊ жәрмеӊке-көрмесі, "Камерата Казахстана" Мемлекеттік оркестрініӊ концерті т.б.іс-шаралар жоспарланып отыр.

Ай бойы күнделікті қаланыӊ бес негізгі алаӊында түрлі бағдарламалар өтіп тұрады: "Астана" алаӊында, "Абай" алаӊында және Almaty Arena алаӊында, ҚР Тұӊғыш Президенті паркінде, Панфилов пен Жібек жолы көшелерінде.

Заманауи музыканы ұнатушылар үшін танымал ди-джейлердіӊ, хип-хоп пен РОР-индустрияныӊ, электронды музыка өкілдерініӊ қатысуымен халықаралық музыкалық жүлделер мен фестивальдар, сонымен қатар отандық эстрада жұлдыздарыныӊ қатысуымен көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады.

Классикалық және халық музыкасына табынушыларға арнайы Алматыда Қазақ Мемлекеттік академиялық Абай атындағы Опера және балет театрыныӊ симфониялық оркестрініӊ өнері ұсынылады, табынушылар итальяндық тенор Винченцо Констанцаныӊ дауысын тыӊдай алады. Қазақ Мемлекеттік академиялық Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрініӊ, академиялық Н.Тлендиев атындағы "Отырар сазы" фольклорлық-этнографиялық оркестрініӊ, "Сазген сазы" академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрініӊ, Алматы қаласы әкімініӊ эстрадалық-симфониялық оркестрініӊ, ҚР Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрініӊ т.б. орындауында түрлі туындыларды тыӊдап, тамашалай алады. Ал әзіл-сықақты ұнатушылар "Однажды в России" сатирикалық шоуыныӊ әртістерініӊ өнерін көріп, рахаттанады. Іс-шаралардыӊ толық тізімі Алматы қаласы әкімініӊ сайтында жарияланады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны