19.09.2018, 13:29 5729

Қала күніне орай Алматыдағы әлеуметтік үйде концерт болып өтті

Алматыда Қала күнін мерекелеу аясында Қазақстан бойынша тұӊғыш әлеуметтік үйде "Алматы - меніӊ махаббатым" тақырыбында концерт болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Алматы. 18 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда Қала күнін мерекелеу аясында Қазақстан бойынша тұӊғыш әлеуметтік үйде "Алматы - меніӊ махаббатым" тақырыбында концерт болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Бүгін Алматы қаласы әкімдігініӊ бекіткен жоспарына сәйкес іс-шара өткізіліп отыр. 18 қыркүйекте "Меніӊ сүйікті қалам" іс-шарсын атап өтеміз. Мұнда кезінде өздерініӊ еӊбек жолын, жастық өмірін осы Алматыда бастаған қарттар өмір сүреді. Бүгінгі іс-шараныӊ мақсаты тұрғындарымызға қуаныш сыйлау. Өткен күндердіӊ шуақты сәттерін, жастық дәуренді еске алып бүгінгі күнге қуану",- деді әлеуметтік үйдіӊ жетекшісі Анар Оспанова.

Оспанованыӊ айтуынша, әлеуметтік үй мемлекеттік мекемесі 2001 жылы ашылған. Бұл жалғызбасты зейнеткерлерге, мүгедектер мен отбасылық жұптарға арналған Қазақстандағы жалғыз пилоттық жоба болып табылады.

"Үй 74 пәтерге есептелген. Бірақ мұнда қазір 50 тұрғын тұрып жатыр. Мұнда кір жуып беру, тазалық жұмыстары, шаштараз, тағам және дәрі-дәрмек жеткізіп беру, әлеуметтік заӊгерлік, әлеуметтік педагогикалық, психологиялық және т.б. әлеуметтік тұрмыстық қызметтердіӊ барлығы көрсетіледі. Бұлардыӊ барлығы тұрғындарға көрсетіледі. Жұмыс істейтінтердіӊ саны - 37 адам. Мұнда келіп орналасу үшін басты шарт - пәтерді қаланыӊ коммуналдық меншігіне тапсыру", - деді ол.

Мерекелік іс-шара Гуля Төлегенова, опера әншілері Мирас пен Құралай, Құрманғазы атындағы консерваторияныӊ әртістері, әлеуметтік тұрғын үйдіӊ оркестрініӊ қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен қатар әлеуметтік үй тұрғындарыныӊ қолымен жасалған қолөнер бұйымдары, ойыншықтар мен суреттер көрмесімен де жалғасты.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны