28.06.2010, 11:23 2717

Қала тұрғындарының 1пайызы болсын көліктерін шайтанарбаға ауыстырса қалаға зор пайда әкелмек Алматы қаласының әкімі

Қала тұрғындарының 1пайызы болсын көліктерін шайтанарбаға ауыстырса қалаға зор пайда әкелмек Алматы қаласының әкімі

Алматы. 28-маусым. Kazakhstan Today - Қала тұрғындарының 1пайызы болсын көліктерін шайтанарбаға ауыстырса қалаға зор пайда әкеледі. Бұл туралы "Бірлігіміз жарасқан!" республикалық науқаны аясында Халықаралық нашақорлық және есірткі саудасымен күрес күніне арналған шайтанарба шеруі барысында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасай отырып.

Икімияттың мәліметтеріне сүйенсек, шайтанарба шеруіне қала тұрғындары, қонақтары, ардагер велосипедшілер - шамамен бес жүз адам қатысқан. Шеру Ил-Фараби мен Достық даңғылдарының қиылысында басталып, Ил-Фараби даңғылының бойымен өтіп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш президентінің саябағының алдындағы алаңқайда мәреге жетті.

А.Есімов қазіргі таңда Алматыда экологияны жақсарту бойынша белсенді жұмыстардың жүргізіліп жатқанын еске салды. Биыл 24 мыңнан астам көшет отырғызу жоспарланып отыр. Оның 10 мыңнан астамы қазірдің өзінде отырғызылып қойған. Сонымен бірге, бүгінгі күні 110 мың шаршы метрден астам жерге гүл егілген. Осылайша, Алматы "Гүл қала" деген лайықты атауға ие бола бастады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны