26.01.2015, 19:35 4378

Калачи ауылынан екі отбасы көшірілді - Ақмола облысы

Қаӊтардыӊ 24-і күні Атбасар ауданындағы Родионовка селосына Есіл ауданындағы Калачи селосынан екі отбасы көшірілді, деп хабарлады "Ақмола медиа орталығынан"

Астана. 26 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қаӊтардыӊ 24-і күні Атбасар ауданындағы Родионовка селосына Есіл ауданындағы Калачи селосынан екі отбасы көшірілді, деп хабарлады "Ақмола медиа орталығынан", деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қыстыӊ үскірік аязына қармастан, калачиліктерді жергілікті тұрғындар да құшақтарын жайып, ыстық қарсы алды. Өз кезегінде көшіп келушілер де жаӊа қоныстарыныӊ жайлы екенін және көмек қолын созғандарға алғыстарын айтып, ризашылық танытуда, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Осында көшіп келгеніме еш өкінбеймін. Мұнда бізге барлық жағдай жасалған. Мал ұстауға қора да, мал да бар. Еӊ бастысы, "ұйқы аруына" шалдығамыз деп еш алаӊдамаймыз", - дейді алты баланыӊ анасы Яна Овсейчик.

Сонымен қатар көшіп келген отбасылардыӊ барлығына "Алтын дән" ЖШС бір сиырдан және жем-шөп берген. Көтерме ақы да тағайындалған. Аудан басшыларыныӊ сөзіне қарғанда, бұл отбасылар әлеуметтік жағынан қорғалатын болады. Балалардыӊ алды Атбасар агротехникалық колледжіне оқуға түсірілетін болса, кейінгілері мектепте тегін тамақтандырылмақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны