16.01.2015, 12:21 4424

Калачи және Красногорск тұрғындары биылғы жылдыӊ бірінші тоқсанында толығымен көшіріледі - Ақмола облысыныӊ әкімі

Біз тұрғындардыӊ жақын аудандарға және облыстыӊ өзге өӊірлеріне көшірілгенін қалаймыз. Шамамен 25-30 отбасы қаӊтар айында көшірілуі тиіс. Мамыр айына дейін балалары бар отбасыларды - 533 адамды толығымен көшіру жоспарда бар. Ал алдағы уақытта біз Үкіметтен 2 миллиард теӊге қаражат сұрап отырмыз

Астана. 16 қаӊтар. Kazakhstan Today - Есіл ауданындағы Калачи және Красногорск ауылдарыныӊ тұрғындары ағымдағы жылдыӊ 1-ші тоқсанында толығымен көшіріліп болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы Ақмола облысыныӊ әкімі Сергей Кулагинніӊ Ақмол ауылында Астана қаласы маӊындағы елді мекендерді дамыту және азық-түлік белдеуімен қамтамасыз ету бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі бойынша өткізген мәжілісте айтылды, деп хабарлады облыс әкімініӊ баспасөз қызметі, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Облысы әкімініӊ сөзіне қарағанда "ұйқыдағы" елді мекендердіӊ тұрғындарын жақын аудандарға және облыстыӊ өзге өӊірлеріне көшір жоспарланған.

"Бұл мәселені шешу үшін көп қаражат қажет. Ал ол қаражатқа қол жеткізу біраз уақытты талап етеді. Ол үшін әрине, біздіӊ өз тарапымыздан есеп-қисабын шығарып, дәлелдей алуымыз керек. Қазір біз 8 отбасын көшірдік. Осыншама адам пәтер кілтін алды", - деді өз сөзінде облыс әкімі.

Осы орайда облыс әкімі қаржы мәселесін шешу үшін жергілікті кәсіпкерлерге жүгініп, олар өз кезегінде көмек қолын созуға ниет танытқанын айтты.

"Біз тұрғындардыӊ жақын аудандарға және облыстыӊ өзге өӊірлеріне көшірілгенін қалаймыз. Шамамен 25-30 отбасы қаӊтар айында көшірілуі тиіс. Мамыр айына дейін балалары бар отбасыларды - 533 адамды толығымен көшіру жоспарда бар. Ал алдағы уақытта біз Үкіметтен 2 миллиард теӊге қаражат сұрап отырмыз", - деді Сергей Кулагин.

Өӊір басшысы бұл қаражат Державинск қаласындағы көпқабатты екі тұрғын үйді қалпына келтіру және Есіл қаласында Калачи тұрғындары арналған үй тұрғызу үшін қажет деп отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны