25.06.2015, 09:12 3488

Қаланы Астана күніне дайындау қарқынды жүріп жатыр

Астана күніне орай қала көшелеріне ашық түсті гүл аркалары, гүлді шарлар және басқа да мерекелік композициялар орнатылды. Сонымен қатар, әкімшілік және тұрғын үй ғимараттарыныӊ сырты да безендірілді.

Астана. 25 Маусым. Kazakhstan Today - Астана күніне орай қала көшелеріне ашық түсті гүл аркалары, гүлді шарлар және басқа да мерекелік композициялар орнатылды. Сонымен қатар, әкімшілік және тұрғын үй ғимараттарыныӊ сырты да безендірілді. Аудандарда жарық динамикалық паннолар мен түрлі-түсті жарықтандыру орнатылып, шағын архитектуралық пішіндер саябақтар мен шағын бақтардыӊ көркін келтірмек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Есіл" ауданында "Арай" саябағын, Ғашықтар саябағын, "Астаналық цирк" шағын бағын, "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры алдындағы бақтарды безендіру жұмыстары аяқталды. "Хан Шатыр" СОО қарама-қарсы жер асты жолында жарықтар қойылып, "Астана Опера" театрыныӊ алдындағы көпір мен Орынбор көшесініӊ бойы және "ҚазМұнайГаз" жаяу жүргіншілер көпірі әсемделді. "I Love Astana" композициялары Есіл өзенініӊ жағалауында, Астаналық саябақта және Астана халықаралық әуежайы аумағында орнатылды, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

"Жан Жүрегім Астана" шағын архитектуралық формалары "Астана Опера" театрыныӊ алдында, Тұран даӊғылы мен Сығанақ көшесініӊ қиылысында және "Керуен" сауда, ойын-сауық орталығыныӊ қасында орнатырылды. "Я люблю Астану" композициялары Сығанақ көшесі мен Бейсекова көшесініӊ қиылысына қойылды.

Сондай-ақ, Астана күніне дайындық шеӊберінде аудандарда санитарлық тазарту,бүлінген абаттандыру элементтерін қалпына келтіру, саябақтар мен көшелердегі және сәндік жарықтандыруларды тексеру жұмыстары қолға алынды.

"Алматы" ауданында 20-дан астам жарық-динамикалық панно орнатылып, Ш. Құдайбердіұлы даӊғылы, Абылай хан даӊғылы, Тәуелсіздік даӊғылындағы көпірлер мен Қараөткел көпірі, Бараев көшесіндегі көпір безендірілді. 375 панелькронштейн қойылды.

"Сарыарқа" ауданында Рэдиссон қонақ үйінен Самал шағын ауданына дейін Есіл жағалауына банерлер ілінді. Конгресс-холлдыӊ алдына "Одуванчик" мерекелік композициясы, "Жастар" сарайыныӊ алдында "Беседка" инсталляциясы орнатылды. Теміржол вокзалыныӊ алдында, Есенберлин мен Бейбітшілік көшелері қиылысында және дөӊгелек алаӊда "Я люблю Астану" шағын архитектуралық пішіндері бар.

Еске сала кетейік, биыл Астана күніне орай 70-тен астам мерекелік шара, соныӊ ішінде басым бөлігі ашық алаӊдарда өткізіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны