Система Orphus

Қамауға алу мерзімі ұзатылды

17.02.2015, 17:43 4336

Алматы. 17 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында ҚР ҚК-ніӊ 287 бабыныӊ 3 бөлігімен (Қаруды,оқ-дәрілерді,жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заӊсыз иемдену,беру өткізу,сақтау,тасымалдау немесе алып жүру) және 104 бабыныӊ 1 бөлігімен (Абайсызда қазаға ұшырату), айыпкерлер Ғабит Карабалаевқа және Юрий Гавриленкоға қатысты қамауға алу мерзімін ұзарту туралы тергеушініӊ талап өтініші қаралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алмалы аудандық сотыныӊ қаулысымен айыпкер Ғ.Карабалаевты күзетпен ұстау мерзімі 2015 жылдыӊ найрыз айыныӊ 17 дейін, айыпкер Ю. Гавриленконыӊ ұзарту мерзімі 2015 жылдыӊ наурыз айыныӊ 19 дейін ұзартылды.

Естеріӊізге сала кетейік, 2014 жылдыӊ 17 қараша күні Ғ.Карабалаев Алматы колледжінде № 9 тобында алғашқы әскері дайындық пәні сабақ жүргізген. Сабақ жүргізу барысында, ол колледж оқушыларын бұрынғы колледж ұстазы Ю.Гавриленкодан қабылдап алған РГД-5 ұрыс гранатасыныӊ құрылысымен таныстырып, оны оқушылардыӊ қолдарына ұстатып, гранатаныӊ сақинасын тартпауын ескерткен.

Алайда, Ғ.Карабалаев үзіліс кезінде жарылғыш гранатаны оқу үстеліне тастап кеткен.

Сол мезетте, колледждіӊ аталған топтыӊ оқушысы РГД-5 гранатасыныӊ сақинасын тартып қалып, нәтижесінде жарылыс болған. Соныӊ салдарынан бір оқушы жедел жәрдем келгенге дейін қаза болып, ал қалған оқушылар түрлі дәрежедегі жарақаттар алған болатын.

Қаулы заӊды күшіне енбеген.

Алматы қалалық сотыныӊ баспасөз қызметі

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны