09.04.2008, 17:05 4534

Қанат Балмағамбетов Жезқазғанның әкімі болды

Қанат Балмағамбетов Жезқазғанның әкімі болды

Қарағанды. 9 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Қарағанды облысының әкімі ҚР президенті әкімшілігінің келісімімен және Жезқазған қалалық мәслихатының мақұлдауымен Қанат Балмағамбетовты Жезқазғанның әкіміне тағайындады, деп хабарлайды агенттік тілшісі, облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бүгін Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, бұл қызметке тағайындаудың алдында Қ. Балмағамбетов Сәтпаев қаласы әкімінің қызметін атқарды.

Қанат Балмағамбетов 1958 жылы дүниеге келді. Екі жоғары білімі бар. Еңбек жолын Жезқазған педагогикалық институтын бітіргеннен кейін 1979 жылы бастады. Комсомол және шаруашылық органдарында жұмыс істеп, Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары болды. 1999 жылдан бастап Сәтпаев қаласының әкімі қызметін атқарды. 2006 жылы балама түрінде осы қаланың әкімі болып сайланды, "Ерен еңбегi үшiн" медалімен марапатталды.

"Алған білім мен жинаған тәжірибесі арқасында Қанат Балмағамбетов мемлекет басшысының жергілікті атқарушы билік органдары алдына қойған міндеттерге сәйкес жұмысты ұйымдастыра алады", - деп атап өтті Нұрлан Нығматулин, қала активіне жаңа әкімді таныстыра отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша Жезқазғанның бұрынғы әкімі Мұса Танабаев қызмет орнынан босату жөнінде арыз берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны