08.05.2018, 20:59 3667

Қанат Құдайбергенов "Тау-Кен-Самұрық" АҚ-ныӊ Басқарма төрағасы болып тағайындалды

Естеріӊізге сала кетейік, бұрынғы Басқарма төрағасы Мәжит Тұрмағамбетовтыӊ келісім-шарт мерзімі аяқталды және одан әрі ұзартылмады.

Астана. 8 мамыр. Kazakhstan Today - "Самұрық-Қазына" ҰИҚ " АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Қордыӊ қоржындық компанияларыныӊ басшыларымен кеӊес өткізді. Жиын барысында бірқатар компаниялардыӊ қызметі, қаржылық жағдайы және даму бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері қарастырылды.

Ахметжан Есімов Қанат Құдайбергеновті "Тау-Кен-Самұрық" АҚ-ныӊ Басқарма төрағасы ретінде таныстырды. Қанат Құдайбергенов 2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін "Қаратау" ЖШС Бас директоры қызметінде жұмыс істеді, сондай-ақ, 2018 жылдыӊ сәуір айынан бастап "Тау-Кен-Самұрық" АҚ-ныӊ Басқарма төрағасы міндетін атқарды. Сонымен қатар, Қанат Құдайбергеновке "Тау-Кен-Самұрық" АҚ-ныӊ ұйымдық құрылымын реттеу тапсырылды. Естеріӊізге сала кетейік, бұрынғы Басқарма төрағасы Мәжит Тұрмағамбетовтыӊ келісім-шарт мерзімі аяқталды және одан әрі ұзартылмады.

Ахметжан Есімов "Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма төрағасыныӊ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Қ. Мақсұтовты қызметінен босатуды, сонымен бірге "Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма төрағасы А. Сатқалиевке сөгіс жариялауды және жылдық бонустарын алып тастауды бұйырды.

Кеӊес барысында Ахметжан Есімов "KEGOC" АҚ Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директоры А. Ботабековке тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Қор басшысы IPO сәтті шығу үшін жолаушылар айналымы, кіріс және таза табыс бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуді, қоржындық компанияларда трансформациялау бағдарламасы бойынша жол карталарын бекітуді тапсырды.

Сонымен қатар, жиында Қор тобындағы компаниялар қызметі бойынша басқа мәселелер қарастырылды.

"Самұрық-Қазына"ҰИҚ" АҚ Қоғаммен байланыс департаменті

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны