25.04.2011, 17:30 4713

Қандағар түрмесінен бес жүздге жуық тұтқын қашып кетті

Қандағар түрмесінен бес жүздге жуық тұтқын қашып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 25 - сәуір. Kazakhstan Today - Қандағар түрмесінен бес жүздге жуық тұтқын қашып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ауғанстанның Кандагар қаласындағы түрмеден 476 тұтқын қашып кеткен. Бұл туралы Agence France-Presse дүйсенбі, 25 сүні, аталған түзеу мекемесінің бастығына сілтеме жасай отырып хабарлаған.

Тұтқындар қашуға алдын ала дайындалып, ұзындығы 350 метрдей тоннель қазған. Сол арқылы түрменің аумағын тастап, қашып шыққан дейді мекеме басшылары. Басқа мәліметтер әзірге нақты жарияланбай отыр. Қашу жоспарының алдын ала жан-жақты ойластырылып, жақсы дайындалғандығын жергілікті полиция да растап отыр, деп жазады Life News.

Picture: AFP

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны