14.08.2026, 13:32 39246

Канье Уэст Қазақстанда алғаш рет өнер көрсетеді: Алматыдағы концерт туралы не білу керек

Канье Уэст Қазақстанда алғаш рет өнер көрсетеді: Алматыдағы концерт туралы не білу керек
Сурет: ЖИ
Бүгін Алматының Орталық стадионында америкалық рэпер Канье Уэстің концерті өтеді. Бұл - әртістің Қазақстандағы алғашқы өнер көрсетуі, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Концертке байланысты қала орталығында көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Жолдар сағат 16:00-ден түн ортасына дейін жабылады деп күтілуде.

Нақтырақ айтсақ, Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінің Байзақов көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі бөлігінде, сондай-ақ Байтұрсынов көшесінің Шевченко көшесінен Тимирязев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы жабылады.

Қоғамдық көліктің жұмысы да өзгереді. Яғни, 26 автобус және алты троллейбус бағыты уақытша сызбалар бойынша қатынайды. Билік жолаушыларға қала орталығы арқылы өтетін жолдарын алдын ала жоспарлап, жол жүру уақытының ұзаруы мүмкін екенін ескеруді ұсынады.

Концерт аяқталғаннан кейін көрермендердің үйлеріне қолайлы жетулері үшін қалалық көлік өз жұмысын жалғастырады. Метроның жұмыс уақыты да ұзартылады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны