26.04.2017, 18:05 4411

Канн кинофестивалінде алғаш рет қазақстандық павильон ашылмақ

Еӊ алдымен павильон аумағында кәсіби кездесулер өткізуге, фильмдер мен жобаларды ілгерлету мен қызметтер жөнінде келіссөздер жүргізуге мүмкіндіктер берілмек.

Алматы. 26 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан павильоныныӊ ресми операторы - "Ұлттық кинематография өнері мен ғылымдарыныӊ академиясы" ҚБ 70-ші Канн халықаралық кинофестивалінде еліміздіӊ киноиндустриясын ұсынбақ..

Бірінші Қазақстандық павильон Le Village International кинонарығы аумағында Фестивальдер сарайыныӊ қасында болады.

Қазақстан Ұлттық павильоны - Канн кинонарығында қазақстандық кинематографистердіӊ жұмыс істеуіне арналған алаӊша. Оператор ретіндегі киноакадемияныӊ міндеті, еліміздіӊ киноиндустриясыныӊ қатысушыларына, оныӊ ішінде киноөндірушілерге, прокат жасаушыларға, рентал студияларға, киножелілерге павильонды пайдалануға мүмкіндік туғызу, деді киноакадемия президенті Рашид Нұғманов.

Еӊ алдымен павильон аумағында кәсіби кездесулер өткізуге, фильмдер мен жобаларды ілгерлету мен қызметтер жөнінде келіссөздер жүргізуге мүмкіндіктер берілмек.

Халықаралық фестивальдерге қатысу Қазақстанныӊ кино түсіретін ел ретіндегі имиджін күшейтіп, бірлескен жобаларға серіктес іздеуге көмектеседі, ел экономикасына ақша келуді қамтамасыз ету үшін республика аумағында шетелдік жобаларды іске асырудыӊ келешегін қалыптастырады.

Қазақстандық киноиндустрия саласында еӊбек етіп отырғандар павильон каталогына тегін ақпарат орналастырып, таратуға арналған материалды, оныӊ ішінде лифлеттер, брошюралар, флайерлер, өз фильмдері туралы трейлерді, жобалардыӊ тизерлері мен компания туралы бейнероликтерді көрсете алады. Бейне материалдар павильонныӊ LED экраны арқылы 2017 жылдыӊ 17-28 мамыры аралығында үздіксіз көрсетілмек.

19 мамыр күні Францияныӊ Ұлттық кинематография орталығыныӊ алаӊшасында Қазақстан павильоныныӊ ашылуына орай ресми қабылдау шарасы өтпек. Бағдарламада камералық ішекті ансамбльдіӊ сүйемелдеуімен Айман Мұсахаджаева мен Димаш Құдайбергенов өнер көрсетеді. Оған Канн кинофестивалі мен кинонарығыныӊ қонақтары мен қызметшілері, Франциядағы ҚР елшілігініӊ өкілдері, Көгілдір жағалаудағы муниципалдық биліктер мен кинокомиссиялардыӊ өкілдері шақырылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны