26.12.2014, 13:49 4069

Қаптағы шаяндар, қалтадағы долларлар

Сондай-ақ, еліміздіӊ шығысындағы "Қорғас" (жолаушылар) бақылау-өткізу бекетініӊ бақылаушылары 20000 АҚШ долларын заӊсыз әкетіп бара жатқан азаматшаны ұстады.

Астана. 26 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстандық шекарашылар бір тәулік ішінде 150 килоға жуық теӊіз шаяндары мен 20 000 АҚШ долларын мемлекеттік шекара арқылы заӊсыз алып өтпек болғандардыӊ жолын кесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шекара қызметініӊ "Батыс" өӊірлік басқармасына қарасты Орал шекара отрядыныӊ "Ақсай" (автомобильдік) бақылау өткізу бекетініӊ бақылаушылары салмағы 150 кило болатын теӊіз шаяндарын заӊсыз жолмен әкетіп бара жатқан Ресей Федерациясыныӊ азаматын ұстады.

Сондай-ақ, еліміздіӊ шығысындағы "Қорғас" (жолаушылар) бақылау-өткізу бекетініӊ бақылаушылары 20000 АҚШ долларын заӊсыз әкетіп бара жатқан азаматшаны ұстады.

Аталған деректер бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны