15.09.2015, 09:33 3438

Қара сөмкеге тығылған қайран-да қаршығаларым-ай...

Үстіміздегі жылдыӊ 14 қыркүйегі күні кешкі сағат 18.00-де Шымкент әуежайында шекарашылар жан түршігерлік оқиғаныӊ куәгерлері болды. Қазақстанныӊ орны толмас байлығын ермек іздеген қалталы шейхтерге сатып, шетел асыруға бел буу өз алдына, қазақы мінездіӊ символы болып табылатын қаршығаларды

Астана. 15 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Үстіміздегі жылдыӊ 14 қыркүйегі күні кешкі сағат 18.00-де Шымкент әуежайында шекарашылар жан түршігерлік оқиғаныӊ куәгерлері болды. Қазақстанныӊ орны толмас байлығын ермек іздеген қалталы шейхтерге сатып, шетел асыруға бел буу өз алдына, қазақы мінездіӊ символы болып табылатын қаршығаларды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сарыағаш шекара отрядыныӊ "Шымкент авиа" шекаралық бақылау бөлімінде "Шымкент - Дубай" бағытымен ұшатын № FDV-738 әуе рейсіне шекаралық және кедендік бақылау өткізіліп болып, жүк тиеле бастаған кезде, "Боинг-737-700" әуе кемесініӊ оӊ қапталына "VIP" жүргіншілерді таситын "Тойота" автокөлігі салып-ұрып жетіп келді. Шағын автобустан ерекше "майпаздалынып" түсіріліп жатқан қос үлкен қара сөмкелер шекара нарядыныӊ назарын өздеріне бірден аударды.

Тексеру нәтижесінде бұл сөмкелердіӊ ешқандайда шекаралық және кедендік тексеруден өткізілімегендігі белгілі болды. Автобус жүргізушісініӊ сөзіне сенсек, ол өзі жүргізуші орындығына жайғасқан кезде бұл сөмкелердіӊ автобус салонында тұрғанын көрген. Белгісіз біреулер сөмкелерді аталмыш әуе кемесіне жеткізуді тапсырған.

Сөмкелерді ашқан кезде ішінен 24 қаршыға қатталып тығылғандығы белгілі болды. Ирқайсысы шамамен 50 000 доллардан кем тұрмайтын осы қаршығалардыӊ Дубайға дейін бір-екеуі ғана тірі жетер еді. Контрабандалық жүк Оӊтүстік Қазақстан облысы бойынша МКД-ніӊ экономикалық қылмыстар қызметіне тексеруге берілді. Сөмкелерге қатысы бар адамдар іздестірілуде.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны