21.10.2015, 16:17 4150

Қарағанды хайуанаттар бағында жануарлардыӊ қырылуын жасырған - прокуратура

Қарағандыда жергілікті зообақта заӊ бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасынан

Қарағанды. 21 Қазан. Kazakhstan Today - Қарағандыда жергілікті зообақта заӊ бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасынан, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы тексерісініӊ нәтижесінде "Қарағанды мемлекеттік хайуанаттар бағы" МКҚК-да бірқатар заӊ бұзушылықтар орын алғаны әшкереленді. Зообақ қызметкерлерініӊ әдейі тіркелмеген және дүниеге келгенде есепке алынбаған жануарларды кімге өткізгені анықталды. Аталған фактілер бойынша табиғатты қорғау прокуратурасы ҚР ҚК 307 бабы 2 бөліміне сәйкес (Қызметтік бабын асыра пайдалану) сот алдындағы тергеудіӊ біріӊғай реестріне тіркеді", - деді мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасыныӊ прокуроры Ренат Ермеков, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Оныӊ сөзіне қарағанда, келтірілген залал анықталуда.

Тексеріс кезінде зообақ әкімшілігі алтай маралы төлініӊ өлгенін жасырған. Оны шымкенттік хайуанаттар бағымен алмастыру жоспарланған.

"2013 жылы 29 қазанда зообақ қызметкерлері абайсызда марал төлін жарақаттап алған, келесі күні өлген. Мұны жасыру мақсатымен жануардыӊ өлгені жайлы акт толтырылмады, хайуанаттар бағыныӊ есебіне жануар туралы мәліметтер енгізілмеді, мемлекеттік ветеринарлық дәрігерге жануардыӊ өлімі жайлы хабарланбады.

Сонымен қатар бұл жануар 2013 жылы туғанда есепке қойылмаған. Зообақ әкімшілігі кінәлі тұлғалардан шығынды өндіру бойынша шараларды қабылдамаған", - деді Р. Ермеков.

Сондай-ақ зообақта Красноярскіден бюджеттік қаражатқа алынған үш жануардыӊ (игуан) қырылуына жол берген.

Зообақтыӊ бұрынғы басшысы мекемеде бюджеттіӊ қаражатына өзініӊ пониін ұстап, асыраған. Сонымен қатар, прокурорлар жануарларды күтуде қатаӊдылық танытқанын аӊғарды. Қашыр, есек, пони мен ешкілерді тірі күнінде жыртқыштарға азық ретінде берген.

Сондай-ақ жануарлардыӊ тиісті жағдайларда ұсталмағаны, өрт қауіпсіздігі сақталмағаны анықталды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны