03.04.2015, 20:54 3668

Қарағанды қалалық Ішкі істер басқармасы Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімініӊ қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары кезінде Қарағанды қаласыныӊ тұрғынынан бір килограммнан астам марихуана есірткі затын тәркіледі.

Қарағанды. 3 сәуір. Kazakhstan Today - 2-ші сәуір күні Қарағанды қалалық Ішкі істер басқармасы Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімініӊ қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс -шаралары кезінде 39-жастағы ешқайда жұмыс істемейтін қала тұрғыны ұсталды. Ұсталған азаматтыӊ үйіне жүргізілген санкцияланған тексеріс барысында пәтерден бір килограммнан астам марихауана есірткі заты алынды. Сонымен қатар азаматтыӊ пәтерінен жарты килограммнан астам қара сора тұқымы алынды. Есірткі сатушыны Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімініӊ қызметкерлері бұрыннан нысанаға алып, аӊдумен болған, бұрын ол азамат бір килограммнан астам марихуана сатқан болатын, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазіргі таӊда ұсталған азаматтыӊ үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қарағанды облысыныӊ ІІД Баспасөз -қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны