12.06.2015, 11:53 3125

Қарағанды қалалық Ішкі істер басқармасы Жол патрульдік -полиция полкініӊ қызметкерлерімен тонау және ұрлықпен айналысқан 53-жастағы қала тұрғынын "ізін суытпай" құрықтады.

Астана. 12 Маусым. Kazakhstan Today - 11-ші маусым күні автобекеттіӊ маӊайында белгісіз ер азамат 25-жастағы қыздыӊ қолынан соӊғы үлгідегі "IPhone" ұялы телефонын жұлып әкеткен. Жәбірленуші қызбала болған жағдайды ішкі істер басқармасыныӊ жедел басқару орталығына хабарлап, өзіне шабуыл жасаған азамат туралы толық ақпарат берген. Алған бағдар бойынша жұмыс жасаған әмбебап полицейлер "ізін суытпай" шабуыл жасаған азаматты құрықтаған. Анықталғанындай 53-жастағы Қарағанды қаласыныӊ тұрғыны күнкөрісін тек тонаумен ғана емес ұрлықта жасап отырғаны анықталды. Ол өзіне қылмыс жасайтын орындарды адам көп жүретін автобекет маӊын таӊдаған. Тергеу барысында анықталғандай, ұсталғанға дейін үш күн бұрын автобекеттегі бутиктердіӊ бірінен ұялы телефон ұрлап кеткені анықталған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеп -тексеру амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері оныӊ басқада қылмысқа қатыстылығын тексеруде.

Қарағанды облысыныӊ ІІД Баспасөз -қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны