02.08.2006, 18:33 3065

Қарағанды қалалық соты орталықтағы саяжай аймағындағы жерді мемлекеттік меншікке қайтаруға үкім шығарды

Қарағанды қалалық соты орталықтағы саяжай аймағындағы жерді мемлекеттік меншікке қайтаруға үкім шығарды

ҚАРАҒАНДЫ. 2-тамыз. Kazakhstan Today. Қарағанды қалалық экономикалық соты осыдан екі жыл бұрын жеке меншікке сатылып кеткен орталықтағы саяжай аймағындағы жерді мемлекеттік меншікке қайтаруға үкім шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Осыған қатысты сату және сатып алу жөніндегі келісім-шартының күші жойылды деп танылсын",- деді бүгін сот мәжілісі барысында судья Гүлмира Қаженова.

Жер телімін мемлекеттік меншікке қайтару туралы іс Қарағанды қалалық сотында алғаш рет қаралды. Бұған дейін облыстық прокуратура тексеру барысында 14 жер телімінің әкімшілік тарапынан жеке меншікке заңсыз берілгенін анықтаған. Бұл оқиғалар кейінгі екі жылда жүзеге асырылған. Осы уақытта қалада үш әкім ауысты.

Бүгін өткен сот мәжілісінде Қарағандының орталығындағы саябақ аумағындағы 2,4 гектар жер теліміне қатысты мәселе қаралды. Бұл жерді 3 млн. 477 мың теңгеге сатып алған кәсіпкердің айтуынша, онда ол ойын-сауық орталығын құруды жоспарлаған. Ондай жағдайда саябақ аумағындағы 3 мың дана ағашты кесуге тура келер еді. Кәсіпкер соттың шешіміне қарсы шағым түсіруге әзірге ниет білдірген жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны