06.03.2017, 16:11 4551

Қарағанды қаласы қоғамдық кеӊесінде қаланы абаттандыру мәселелері талқыланды

Қарағанды қаласы қоғамдық кеӊесінде қаланы абаттандыру мәселелері талқыланды

Қарағанды. 6 наурыз. Kazakhstan Today - Қарағанды қаласы қоғамдық кеӊесініӊ мүшелері Нұрлан Иубәкіровке орталық мәдениет және демалыс саябағында дәретханалардыӊ жоқтығы туралы маӊызды сауал жолдады. Сондай-ақ, ОМДС жанында тұрақ орындарыныӊ жетіспейтіні де аталып өтті.

Икімніӊ айтуынша, бұл мәселе оныӊ назарында.

- Биыл саябақта бірнеше биодәретхана кабинасы орнатылады, - деді ол. - Олар ақылы болады, оларды жеке кәсіпкерлер орнатады. Ал тұрақтарға келсек, жоба әзірленді. Жауынгер - интернационалистер көшесіндегі жылыту құбырын жер астына енгізіп, тұрақ орнын арттырмақпыз. Бірақ жобаныӊ мақұлдана ма, жоқ па, білмейміз. Негізі, адамдардыӊ әткеншекке дейін көлікпен барғысы келеді. Бұл мәдениет және демалыс саябағы ғой - олай болса мәдениетті демалайық. Саябақтыӊ жанына көлікті қойып, жаяу серуендеуге болады.

Сонымен қатар, саябақ аумағында да өзгерістер орын алады. Қала басшысыныӊ айтуынша, жүгіру және велосипедпен жүретін жолдар жарықтандырылады. Балалар темір жол станциясына жақын жердегі қазіргі кезде қараусыз қалған ескі бассейнніӊ аумағы абаттандырылуы мүмкін. Онда жарықтандыру тартылады және орындықтар орнатылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны