14.08.2013, 16:45 27051

Қарағанды қаласында қар жауды

Табиғаттың тосын мінезіне таң қалған тұрғындар, жауынның соңы қарға ұласқанын айтады. Бірақ, олар тамызда жауған қардың ақ емес, ерекше түске боялған түрі деп отыр.

Алматы. 14-тамыз. Kazakhstan Today - Қарағанды қаласында қар жауды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Табиғаттың тосын мінезіне таң қалған тұрғындар, жауынның соңы қарға ұласқанын айтады. Бірақ, олар тамызда жауған қардың ақ емес, ерекше түске боялған түрі деп отыр.

Михаил Привалов кешкі сағат 10 шамасында балконға шығып, күннің ызғарлы екенін байқайды. Оның айтуынша, қар бірнеше уақыт бойы үйлердің шатырларын жауып тастаған. Ал, кейбіреулер әлеуметтік желілерде қардың алқызыл түсті болғанын жазған. Қаланың өзге ауданындағы тұрғындар да қар жауғанын көрген. Алайда, метрологтар ешқандай қар байқамадық дейді. Олардың болжауынша, бұл жаңбыр, себебі +12 градуста қар жерге жетпей еріп кетуі керек.

Ал, жергілікті "Экомұражайдың" директоры Дмитрий Калмыковтың айтуынша, бұл сирек болатын құбылыс.

Дмитрий Калмыков, "ЭкоМұражай" директоры:

- Бұл табиғи құбылыс. Бірде-бір маман тайфун, нөсер немесе құйынды болжай алмайды. Шөл даладан мың шақырым жерге сол шөлден шыққан құмды жел апарып тастайтыны немесе гүлдің тозаңы 10-15 мың шақырымға жететіні тарихтан белгілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны