09.01.2007, 18:42 2935

Қарағанды қаласының әкімі құрылыс мәселесі жөніндегі орынбасарының отставкаға кету туралы тілегін қанағаттандырды

ҚАРАҒАНДЫ. 9-қаңтар. Kazakhstan Today. Қарағанды қаласының әкімі Ислам Тоғайбаев өзінің құрылыс және жер жайластыру мәселесі жөніндегі орынбасары Александр Воробьевтің лауазымынан босату туралы өтінішін қанағаттандырды. Бұл туралы И. Тоғайбаев бүгін әкімшілікте өткен аппарат жиналысында хабарлады.

Сонымен қатар, қала басшысы А. Воробьевтің өз еркімен жұмыстан кету туралы өтінішін 29 желтоқсан күні жазғанын да атап өтті.

Бұрын хабарлағанымыздай, А. Воробьев 2006 жылдың маусым айында қалалық мәслихат депутаттарымен керісіп қалған болатын. Мәслихат депутаттары әкімнің құрылыс саласына жетекшілік ететін орынбасарына қала орталығындағы қонақ үйлерінің біріне қосалқы ғимараттың салынуының заңдылығын түсіндіру туралы өтінішпен сұрау салған. Бұған жауап ретінде А. Воробьев баспасөз мәслихатында депутаттарды "PR-асттар" ("пиарасттар") деп атаған болатын. Осыдан кейін кезектен тыс сессияда депутаттар қала әкіміне Воробьевтің өз лауазымына лайықтығын қарастыруды ұсынған. Бірнеше ай өткеннен кейін А. Воробьев депутаттарды өз шешімдерімен оның ар-ұжданы мен намысын қорлады деп сотқа шағым берген, бірақ кейіннен өз арызын кері қайтарып алған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны