08.02.2011, 17:22 3886

Қарағанды мен Балқаш қалалары арасында жол жабылды

Қарағанды мен Балқаш қалалары арасында жол жабылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 8 - ақпан. Kazakhstan Today - Қарағанды мен Балқаш қалалары арасында жол жабылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, 2011 жылғы 8 ақпанда сағат 12.00-ден бастап ауа райының қолайсыздығынан (борап жауған қар, көктайғақ) және жолдың нашар көрінуінен "РФ шекарасы (Екатеринборға қарай) - Алматы" автожолының "Қарағанды - Балқаш" учаскесінде (1492-1854 км) автокөліктердің барлық түріне жол жүруге тыйым салынған.

Сонымен қатар, ауа райының нашарлауына байланысты "Жезқазған - Есіл - Петропавл" автожолының "Сәтбаев ауылы - Қостанай облысының шекарасы" учаскесі де (24-242 км) әлі жабық күйінде қалып отыр.

Автомобиль жолдарындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін ауа райы жақсарғанша жол жүруден бас тартып, Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінің хабарламаларына назар салған жөн.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің "Қазақавтожол" РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді, байланыс телефоны (7172) 44-46-85. Сонымен қатар, жолдар жөніндегі шұғыл ақпарат www.mtk.gov.kz, www.kad.gov.kz, www.kazavtodor.kz сайттарында жарияланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны