07.02.2011, 17:29 3265

Қарағанды мен Қостанай облыстарындағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды

Қарағанды мен Қостанай облыстарындағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "Қазақавтожол" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 7 - ақпан. Kazakhstan Today - Қарағанды мен Қостанай облыстарындағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "Қазақавтожол" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін сағат 15:00-ден бастап қалың қардың түсуіне байланысты және боранның салдарынан Қарағанды облысы бойынша "Жезқазған-Есіл-Петропавл" автожолындағы "Сәтбаев қаласы-Қостанай облысына дейінгі" учаскедегі 24-252 шақырымдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Сонымен қатар Қостанай облысындағы боранға байланысты түстен кейін "Екатеринбор-Алматы" республикалық маңызы бар автожолының "Бирюковка-СҚО-ға дейінгі" аралығындағы 589-729 шақырымында, "Қостанай-Иулиекөл-Сұрған" автожолының "Иулиекөл-Ақмола облысына дейінгі" учаскенің 103-232 шақырымында, сондай-ақ "Боровской-СҚО" автожолының "Мамлютка-Қостанай" учаскесінің 330-180 шақырымында көліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны